banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_4561

Қосқан уақыты Мамыр 24, 2019 | 32 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Викториналық ойындар» танымдық шарасы өтті

 

 IMG_4569 IMG_4567 IMG_4566 IMG_4563 IMG_4562 IMG_4561 IMG_4560 IMG_4559

       Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту” тақырыбындағы жоба аясында Алматы қаласы, Д.А.Қонаев атындағы,заң колледжінде қазақтың салт-дәстүрлері тақырыбына «Викториналық ойындар» шарасы өтті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Шараға колледждің 40 жуық студенттері қатысып, берілген сұрақтарға жауап берді.Белсенділер мен үздіктерді ойын соңында қазылар алқасы сыйлықтармен марапаттады.Қазылар алқасы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері театр актері, режиссер,педагог, Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Алматы ақшамы» газетінің бөлім редакторы Нұржамал Тегінбайқызы Байсақал, этнограф, жазушы Байахмет Жұмабай; этнограф, жазушы, салт-дәстүр академиясының академигі Болат Бопай,  Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті, Еларалық «Шалқар» газетінің бас редакторы Жаңыл Амантайқызы Әпетова, ақын, қоғам қайраткері Ләззат Игісін, жастарға білмеген сұрақтарына толық жауаптарын айтып, қазақтың салт-дәстүлері тақырыбында әңгіме өрбітті.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑