banner-top12

Керек кеңестер 259d285aa53dddd5bd7fe0d858ece49d

Қосқан уақыты Мамыр 27, 2015 | 689 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру

Жер пайдалану құқығы дегенді қалай түсінуге болады? Жер пайдалану құқығы қалай туындайды? Жер пайдалану құқығы кімдерге беріледі? Жер пайдаланудың қандай түрлері бар? Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы деген не? Мұны біріміз білсек, біріміз білмейміз.
Ендеше, жер пайдалану құқығы дегеніміз – бұл жер учаскесіне иеліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйлау және с.с) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі.
Жер пайдалану құқығының бірі – мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу. Ондай құқық жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға беріледі. Ол қысқа мерзімді (5 жылға дейін); ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Бұл жағдайда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша пайдалануға, иеліктен шығаруға және кейінгі жер пайдалануға беруге жол берілмейді. Жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шарттарын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу ҚР-ның азаматтық заңдарына сәйкес жалдау шарты негізінде жүргізіледі. Жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге беріледі. Мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылық өндірісі мен орман өсіруді жүргізу үшін жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге беріледі. Оған акт алу үшін ХҚО-ға жүгінсеңіз болады.
Мемлекеттік қызмет ХҚО-да кезек тәртібінде (электрондық) көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі):жүгінген кезде төмендегі құжаттар тізбесін ұсынады:
1) нысан бойынша уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні беруге өтініш;
2) уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді көшірме;
3) уәкілетті органның бекіткен жерге орналастыру жобасының;
4) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар көшірмесі;
5) жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар;
6) уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) жене/немесе уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алу шартының көшірмесі;
7) уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні дайындағаны үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
8) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні дайындаған жағдайда, осы фактіні растайтын құжат;
9) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалдық куәландырылған сенімхат;
10) көрсетілетін қызметті алушының не сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына арналған актіні дайындау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнына төлем стандартқа сай жүргізіледі.Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде актіні дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 

ХҚКО баспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑