banner-top12

Ақпараттар ағымы site kaz

Қосқан уақыты Маусым 6, 2016 | 517 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

  “Универсиада-2017 хабаршысы” онлайн-журналы жарық көрді

site russ site eng site kaz

2017 жылғы Универсиаданы ұйымдастыру мен өткізу бойынша дирекциясы,   “Универсиа-2017 хабаршысы” онлайн-журналын жарыққа шығарды. Аталған онлайн-журналда студенттік ойындарға дайындық турасында өзекті жаңалықтар басылмақ.
Хабаршының алғашқы шығарылымдарын   http://almaty2017.com/kk/media/ сілтемесіне кіріп, оқи аласыздар. Оқырмандар шетелдік спортшылардың Универсиадаға дайындығын, Алматыға туристер тарту жұмыстары, жарысқа қатысатын елдерді аккредтеу, Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) инспекциялық сапары жөнінде оқи алады.
«Универсиада-2017 хабаршысының» айына екі рет электронды нұсқада шығарылуы жоспарланған.
Айта кету керек, жарыс уақытында  “Универсиада-2017 хабаршысы” баспа түрінде де (FISU талабы бойынша) шығарылатын болады.
Онлайн-журналды алушылар қатарында болғыңыз келсе,   press @ almaty 2017. kz  электронды поштасына өтінішіңізді жібере аласыз.

Інжу Сағидолла,

спорт шолушысы.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑