banner-top12

Ақпараттар ағымы 31.01.2017_Награждение второго дня_МП_IMG_5061

Қосқан уақыты Қаңтар 31, 2017 | 349 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Универсиаданың екінші жарыс күнінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

31 қаңтар күні Medal Plazaның сахнасында универсиаданың екінші жарыс күнінің чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі болып өтті. Жеңімпаздарға алтын, күміс пен қолаға ұқсайтын классикалық мәнердегі метал құймасынан жасалған медальдар табыс етілді. Салтанатты шараға Алматының әкімі Бауыржан Байбек мырза келіп қатысты.
2017 жылғы ойынның наградаларын Қазақстанның теңге сарайында түсті эмальды пайдаланып жасапты. Ал муар лентасына FISU мен универсиаданың логотипі мен ойын өтіп жатқан жердің атауы жазылған.
Осы күні өткен мәдени шара «кеңістікті кеңейткенде» деп аталыпты. «Бастаудан болашаққа қарай» деп аталатын тағы бір бағдарламада халқымыздың бай мәдениеті мен байырғы дәстүрі көрсетілді.
«Салтанат» би ансамблі бүгінгі күнге арналған ерекше бір халықаралық композицияны орындап, бишілердің әрқайсысы универсиадаға қатысқан елдердің ұлттық киімдерін киіп шықты.
Марапаттау рәсімін жүргізгендер ойынға қатысқан елдердің жетістігі мен бәсеке болып жатқан спорттың 12 түрі туралы да айтып өтті. «Биле Қазақстанның» бишілері таушаңғысы спортына арналған хореографиялық қойылым ұсынды. Экраннан шаңғы трассасын көрсетіп еді, шаңғылы бишілер көрермендерге өздерін сол таудан түсіп келе жатқандай етіп әсерлі қылып көрсетіп, оның соңы ду қол шапалаққа ұласты.
Үзіліс кезінде әуеге әркім өзінің арманын жазған «арман құсы» ұшырылды.
Салтантты шараны екі мыңға жуық адам тамашалады.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑