banner-top12

Ақпараттар ағымы 1

Қосқан уақыты Қыркүйек 20, 2016 | 548 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Универсиада қарсаңында

 Сергей Сейранов, Ресей студенттер спорты одағының президенті, Ресей Федерациясы делегациясының басшысы:
Бұл мен қатысқалы отырған 12-ші Универсиада. Алматыда мен көп болдым. Әр келген сайын бұл қалаға тамсанамын. Келген сайын, қала көркейіп жатқандай көрінеді. Спорттық инфрақұрылымның дамып жатқанын байқауға болады.  Шыны керек, 2011 жылы өткен Азия ойындары, Қазақстанда спорттың дамуына көп үлесін тигізді. Кейінірек Универсиада да өзінің мұрасын қалдырады. Жас балалар спортқа қызығып, жаттығуға келеді. Бұл дегеніңіз ұлт денсаулығы. Сондай-ақ, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әкеледі.
Біз Алматыдағы Универсиадада барлық спорт түрінен қатысуға ниеттіміз. 200-ге жуық спортшыны бәсекеге қосу турады ойымыз бар. Кросноярск қаласы, Алматыдан кейін эстафетаны алуға дайындалып жатыр. Бізде үлкен додаларды өткізетін мол тәжірибе бар. Мәселен, бұған дейін Ресей  Қазандағы жазғы Универсиада мен Сочиде қысқы Олимпиаданы өткізді.

Олег Матыцин – FISU президенті:

Алдымен Алматы қаласы әкімі мен Универсиада дирекциясына, 28-ші қысқы Универсиада ойындарына қатысушы елдердің басшыларын жинағанына алғыс айтамын. Біз кеше қала әкімі Бауыржан Байбекпен және дирекция өкілдерімен, инспекциялық комиссиямен кездесу өткіздік. Бастысы біздер Қазақстанмен, Алматы Универсиаданы қабылдауға мүмкіндік алған күннен бастап тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатырмыз. . Бұл халықаралық жобаның сәтті орындалуы үшін жасалған жақсы қадам. Біз сан ғасырлы тарихы мен бай дәстүрі бар ел мен қонақжай қалада екенімізді түсінеміз және бұл ел тек спорттық емес халықаралық шараларды ұйымдастыруда тәжірибесі мол. Қаланың 1000 жылдығы мен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұспа-тұс келгеніміз қуантады. Универсиада қала мен елдің дамуының бір кезеңі болып табылады. Ол жастар мен ұйымдастыруға қатысып жатқан ұйымдардың мүмкіншілігін көсетуге таптырмайтын мүмкіндік.
Алматы мен оның тұрғындарына, Қазақстанның осылай қарқынды дамуы жалғаса берсін деп тілеймін! Қазір әлемде түрлі жағдайлар бар. Біз әртүрлі дін мен ұлтына қарамастан адамдарды жақындатқымыз келеді. Өнер мен спорт адамдарды біріктіруі тиіс. Универсиада сол спорт, білім мен өнерді таныту үшін жасалған бірегей жоба. Бізге ҚР Президенті мен Алматы қаласының әкімі Б.Байбектің Универсиадаға назарын аударып отырғаны өте маңызды. Мен бұл жобаның сәтті өтетіне сенімдімін!
Бұл жерге Красноярск қаласынан үлкен делегация келді. Біз алда студенттер ойынын қабылдайтындарға,  Универсиаданың өткізілу барысын көрсін деп, келуін үнемі сұраймыз.
FISU тәжірибесіне сәйкес , өзекті мәселелердің барлығын Универсиада басталғанға дейін шешеміз.

 Гари Канингхем, АҚШ ұлттық студенттер спорты федерациясының басшысы: Бұл менің Алматыға алғаш келуім. Кеше біздер қаланың біраз жерін көруге мүмкіндік алдық. Маған алматылықтар ұнады, олар өте мейірбан, тез тілтабысқыш екен. Мен Универсиаданың басталуын асыға күтемін.  Келесі жылдың қаңтарында осы жерге қайта келу үшін.

Біздің спортшыларды іріктеу әлі де жалғасуда. Менің ойымша, біздің делегация сапында барлық спорт түрі бойынша 100-ге жуық спортшы  қатысады.

Алматы қаласының мыңжылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп,  осы шаһардың тұрғындарын құттықтағаным үшін қуаныштымын.  Бұл қаланың гүлдене беруін тілеймін!

Алшураз Бабаев, Қырғызстан делегациясының басшысы: 

Біз Универсиада бағдарламасындағы бірнеше спорт түріне қатысамыз. Атап айтсақ: хоккей, мәнерлеп сырғанау, сноуборд. Дәл осы сноубордтан біздің спортшылар медаль алады деген ойдамыз.   Өйткені , Алматыға келетін сонубордшыларымыз бұған дейін екі бірдей Универсиадаға қатысқан өте тәжірибелі спортшылар.  2017 жылғы қысқы ойындарға 20-22 спортшы әкелуді жоспарлап отырмыз.  Алматыға осы жолы келгенімде Шымбұлақ, Медеуге атбасын бұрып, сол жерлерді көре салып, қаланың Универсиадаға қарқынды дайындалып жатқанына көз жеткіздім.

Алматының мыңжылдық мерейтойымен барлық қала тұрғындарын құттықтаймын.  Денсаулық, тұрақтылық, жақсы көңіл-күй тілеймін!

Торстэн Хютш – Германия ұлттық студенттер спорты федерация басшысының орынбасары:

Менің ойымша, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ұйымдастыру комитеті студенттер ойындарын сәтті өткізу үшін қыруар жұмыстар атқарды.  Біздің спортшыларды іріктеудегі жұмысымыз, бір жыл бұрын елдегі барлық федерацияларымен тығыз байланыс орнатқаннан бері басталып кетті. Қазіргі таңда, алдағы ойындарға қарқынды дайындық жүргізіп жатырмыз. Біз, спортшыларымыздың Алматыдағы Универсиадаға сақадай дайын болып келетініне сенімдіміз.

Алматының Универсиадаға дайындығына таңданысымды жасыра алмаймын. Нысандар ғана емес, бүтін бір қала жарысты қабылдауға дайын секілді. Менің келесі жылғы жарыстан күтетінім көп!

Алматылықтарды қала мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Болашақта тек гүлдене беруін тілеймін!

Кристоф Боклин, Швейцария ұлттық студенттер спорты федерациясы басшысының орынбасары:

Делегация басшыларының кездесуінен бұрын, біздер өзіміздің елдегі барлық федерациялармен бас қосып, жиын өткіздік. Оларға барлығын білсін деген ниетпен, Алматыдағы нысандар туралы айтып, бізді ол жерде не күтетіні туралы ой қозғадық.

Универсиадаға қатысатын біздің делегация 30-дан астам спортшыдан тұрады.

Алматы қаласына алдағы 1000 жылға гүлдену тілеймін. Осы жерде жергілікті тұрғындармен қайта қауышуды армандаймын. Мен бұл жерге бірінші рет келіп отырмын. Алматы қаласының тарихымен жақынырақ танысқым келеді. Мен өзім тарихы бай қалада тұрамын, және осы іспеттес қалалардың тарихына үңілуді дұрыс көремін.

Святополк Хорак, Чехия делегациясы: Келгенімізге 2 сағат ғана болса да, алматылықтардың бізге көрсеткен қонақжайлығына тәнтіміз. Біз, Чехияның Алматыдағы Универсиадаға қатысатынына өте қуаныштымыз.  Біздің елден келер жылы өтетін қысқы ойындарға 100-ге жуық спортшы келеді. Олардың арасында хоккей, керлинг, шаңғы сайысы, мәнерлеп сырғанау, биатлон, таушаңғы спорты, трамплиннен шаңғымен секірушілер бар. Әсіресе, біздің спортшылар биатлоннан жүлде алуы тиіс.  Универсиаданы өткізуші елге оқыс оқиғадан ада болып, тек сәттіліктер тілейміз! Алдағы ойындарда қызмет атқаратын еріктілерге де сәттілік тілейміз!

Кристофер Свинссон, Швеция делегациясы:

 Алматы- әсем әрі қонақжай қала.  Алдағы қысқы ойындар біздің еліміз үшін табысты, қабылдаушы елге сәтті болады деп үміттенемін!

Біз өз тарапымыздан елдегі федерациялардың барлығымен бірлесе жұмыс істеуді бастадық. Және Алматыдағы Универсиадада ел намысын қорғайтын ең мықты жас спортшыларымызды сәтті іріктейміз деген ойдамын. Қысқы Универсиадада Швеция құрамасы дені барлық спорт түрлеріне қатысады. Делегация құрамында 70-80 спортшы болады.

Алматы қаласының мыңжылдық мерейтойы құтты болсын! Қала халқына жарқын болашақ, Универсиаданы сәтті өткізуін тілеймін! Ал, Қазақстанға алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан болуын тілеймін!

Ари Джошуа Гроссман,  Канада делегациясының басшысы:  Канада спортшыларын Универсиадаға іріктеу енді  басталды.  Алматыдағы жарысқа 100-ге жуық ең үздік студент-спортшыларымыз келеді.  28-ші қысқы Универсиадаға спортшыларды іріктеуде қатаңбыз. Өйткені, осалдарға орын жоқ. Барлық елдер мықты спортшыларын әкеледі.   Осыны ойлап, алаңдаумыз. Біздің ел қысқы спорттың барлығына мықты. Әсіресе, хоккейде алдымызға жан салмайтын кездеріміз болады.  Алматыдағы додада барлық спорт түрінен жүлдеге таласамыз.

Алматы – керемет қала. Бұл жерге алғаш келуім.  Қала тұрғындарына тәнті болдым. Қонақ десе, күлімдеп, азаматтық танытады екен.  Алматы қаласын  мыңжылдық мерейтойымен құттықтаймын! Осы орайда, қала тойын бірге тойлауды асыға күтіп жүрміз!

Винсент Роньон, Франция делегациясының басшысы: Алматы –тұрғындары өте қарапайым әсем қала. Біздер тек бұл қаланы жаұсы жағынан таныдық. Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға келсек, аталған студенттер ойындарына біздің елдің атынан 40 спортшы барады.  Үлкен делегация болмаса да, кейбір спорт түрлерінен өте мықты спортшыларымыз ел намысын қорғайды.  Бұл: мәнерлеп сырғанау,  шорт-трек, таушаңғы спорты және фристайл.  Менің ойымша, қысқы Универсиада өте қызықты өтеді. Және оған қатысатынымызға қуаныштымын. 28-ші қысқы Универсиаданы күн санап, күтіп жүрміз!

 Батсайхан Хашбад, Моңғолия делегациясының басшысы: Моңғолияның намысын бұл жарыста 4-5 спорт түрінен 20 спортшы қорғайды. Атап айтсақ: хоккей, шаңғы сайысы, сноуборд,  трамплиннен шаңғымен секіру және биатлон.

Біз Алматыға атбасын бұрған бетте, Шымбұлақты барып көрдік. Өте озық кешен екеніне көз жеткіздік.  Барлық алматылықтарды Универсиадамен тұспа-тұс келген қаланың мыңжылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Қазақстанға осы бір ірі спорттық доданы сәтті өткізсін деп тілейміз!




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑