banner-top12

спорт 4M2A9867 (1)

Қосқан уақыты Мамыр 6, 2016 | 432 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

У.Прукер: Ұлттық спорт федерациялары Универсиаданы өткізуде мол тәжірибе жинайды

Халықаралық кеңесші, 2013 жылғы Трентино қаласында өткен қысқы Универсиада спорт директоры Убалдо Прукер almaty2017.com сайтына берген сұхбатында, Қазақстанның ұлттық спорт федерациялары қысқы Универсиаданы өткізуге атсалысу арқылы, мол тәжірибе жинайтынын айтады, – деп хабарлайды 2017 жылғы қысқы Универсиаданың баспасөз-қызметі.
«Қазақстанның ұлттық спорт федерациялары Универсиадаға қызығушылық танытуы қуантарлық жағдай. Бұл өте маңызды. Олардың қысқы ойындарды өткізуге атсалысудағы мақсаты, мол тәжірибе жинап, Универсиададан қалған мұраны болашақ жарыстарға қалдыру деп ойлаймын»,-дейді Убалдо Прукер.
Сондай-ақ, 2013 жылғы Трентино қаласында өткен қысқы Универсиада спорт директоры Убалдо Прукер, қысқы Универсиада нысандарының дамып жатқанын тілге тиек етті.
«Барлық нысандар анықталған және құрылыс және жарықтандыру жағынан даму үстінде. Бұл өте маңызды. Қазіргі таңда далада өтетін спорт түрлеріне көңіл бөлу керек. Өйткені, бұл спорт түрлері ауа-райына бағынышты, сонымен қатар жарықтандыруды талап етеді»,-деді Убалдо Пракер.
Айта кету керек, Алматыда 1 мамырдан бастап, FISU бақылау кеңесінің сапары өтуде. FISU өкілдерінің қызметтік сапары барысында, Алматы қаласының Универсиадаға дайындығы бағаланбақ.
Інжу Сағидолла,
спорт шолушысы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑