banner-top12

Керек кеңестер index

Қосқан уақыты Тамыз 22, 2014 | 931 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңның 88-бабына сәйкес ҚР әр азаматы кепілдендірілген тегін медициналық көмектің аясында дәрілік құралдармен және медициналық мақсаттағы дәрілік құралдармен қамтамасыз етілуге құқылы.
Дәрілік құралдарды тегін және жеңілдікті негізде алуға болады. Осындай дәрілерді беру сіздің учаскелік дәрігеріңіз немесе профильдік (гематолог, эндокринолог, пульмонолог және т.б.) маман берген рецепттер бойынша науқас жеке басын куәландыратын құжатты (пациенттің туу туралы куәлігін) немесе оның көшірмелерін ұсынғанда беріледі.
Барлық медициналық препараттар және дәрілер тегін берілмейтінін атап өткен жөн. Мемлекеттен қандай дәрілерді алуға болатыны, қандайын алуға болмайтыны – ҚР ДМ бұйрығымен бекітілген халықты тегін қамтамасыз етуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік құралдардың арнайы тізімінде анықталған. Егер сізге керек препарат аталған тізімде болмаса, онда оны тек ақылы негізде ғана сатып ала аласыз.
Сондай-ақ мемлекет есебінен берілетін тегін дәрілер тек белгілі бір дәріханаларда ғана беріледі. Мемлекет тарапынан бөлінетін тегін дәрілердің мекенжайларын осы жерден білуге болады.
Егер КТМК аясында дәрілерді алуда сізден төлем талап етсе немесе беруден мүлде бас тартса сіз Астана және Алматы қалалары облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының жанында құрылған пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестерге немесе Дәрілік ақпараттық-сараптамалық орталыққа жүгінуге болады.
Тегін дәрілер қандай ауруларда беріледі ?
ҚР ДМ бұйрығына сәйкес барлық жаңа туған балалар медициналық қораптармен қамтамасыз етіледі. Ананың жағдайына байланысты бала өмірінің алғашқы жылдары ана сүтін алмастырғыштар беріледі. Аталған алмастырғыштар сондай-ақ күндізгі оқу нысанындағы студенттерге де беріледі. 0 ден 5 жасқа дейінгі балаларға тегін дәрілер мынадай ауруларда тиісті: асқынған фарингит, бронхит, тонзиллит, жеңіл дәрежелі пневмония және темір тапшылығындағы анемия, рахит.
Диспансерлік есепте тұратын ересек халыққа тегін дәрілер келесі аурулар болғанда беріледі:
• аорто-коронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі, жүректің жармақшаларын протезделген науқастар;
• жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА);
• артериялық гипертензия;
• созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігі (СЖЖ);
• аритмия;
• пневмония;
• бронхиалды астма;
• өкпенің созылмалы обструктивті ауруы;
• асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы;
• Крон ауруы және тән емес колит;
• миастения;
• эпилепсия;
• психикалық;
• балалар церебралды сал ауруы;
• Паркинсон ауруы;
• қант диабеті;
• қантсыз диабет;
• онкология;
• ағзалармен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай;
• ревматоидты артрит;
• ювенильді артрит;
• жүйелі қызыл жегі;
• остеоартроз;
• гипотиреоз, гипопаратиреоз, иреотоксикоз;
• акромегалия;
• гепато–церебралды дистрофия;
• фенилкетонурия;
• гемофилия;
• АИТВ-инфекциясы/ЖИТС;
• туберкулез;
• вирусный гепатит В и С;
• кистозный фиброз (Муковисцидоз);
• мукополисахаридоз;
• Гоше ауруы;
• реналдық анемиямен созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі;
• ауто-иммундық аурулар, оның ішінде миастения және иммун тапшылығы жағдайы;
• гемобластоздар мен апластикалық анемияны қамтитын гематологиялық аурулар;
• гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулар;
• шашыраңқы склероз;
• онкология.

Дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесі
Мемлекеттік бақылауға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және оның аумағына әкелінген дәрі-дәрмектер жатады.

Дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесінің құрамына:
1. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган,
2. ғылыми-зерттеу ұйымдары, институттар, орталықтар, қауіпсіздікті қалыптастыру, зерттеу және тексеру жөніндегі, дәрі-дәрмектердің тиімділігі мен сапасын сынақтан өткізетін зертханалары кіреді.
Осы бағытта сонымен бірге мыналар жұмыс істейді:
1. дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын бағалау жөніндегі арнайы эксперттік комиссия,
2. дәрі-дәрмекті сипаттайтын ақпараттық жүйелер құрылады,
3. дәрі-дәрмектерді сараптау орталықтары.
Фармацевтикалық қызметтерді мемлекеттік реттеу мына жолмен жүзеге асырылады:
1. дәрі-дәрмектерді мемлекеттік тіркеу;
2. фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
3. дәрі-дәрмектер айналымы саласындағы техникалық реттеу;
4. фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аттестаттау;
5. фармацевтикалық қызметті мемлекеттік қадағалау және бақылау;
6. дәрі-дәрмектердің бағасын мемлекеттік реттеу.
Дәрі-дәрмек айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау мына жолмен жүзеге асырылады:
1. дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар құпия хабарламадан тыс, шағымдар, өтініштер мен өзге де формадағы ресми өтініштер бойынша, соның ішінде халық денсаулығы мен ұлт қауіпсіздігіне төнген қауіптің шұғыл алдын алуды талап ететін жағдайларды тексеру;
2. уәкілетті органның міндетті тұлғасына берілген бұйрықтың бұзылуы мен орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар.
Дүние жүзіндегі көптеген елдердегідей, Қазақстан Республикасындағы халықтың денсаулығы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына тікелей байланысты, сондықтан заң бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмекті медициналық тәжірибеде өндіруге, сақтауға, іске асыруға және қолдануға тыйым салынады.

Мемлекеттік тіркеу кезінде ғана дәрі-дәрмектердің фармацевтикалық нарықта болу қажеттілігі мен қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын анықтау жүргізіледі.

Мемлекеттік тіркеудің міндетті шарты дәрі-дәрмектерге сараптама жасау болып табылады. Барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда дәрі-дәрмек қауіпсіздігі мен сапасына талап өсіп отыр. Бүгінгі күні дәрі-дәрмектерді сараптаудан өткізу кезінде тіркелетін өнімді оның қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасына байланысты толық танып-білу және зерттеу ісі жүргізіледі.
Дәрі-дәрмектер мемлекеттік тіркеу нәтижелеріне байланысты дәрі-дәрмектердің Мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және уәкілетті органмен бекітілген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑