banner-top12

Ақпараттар ағымы 8

Қосқан уақыты Мамыр 28, 2014 | 834 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Халыққа қызмет көрсету орталығында балалар мерекесі өтті

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай  «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалында  «Әрқашан күн сөнбесін!»  атты  балалар мерекесі өтті.

Алматы қаласы ХҚКО-да балалар – ең маңызды қонақтар! Бұл  күні кішкентай қонақтар үшін, яғни   Алматы қаласы 8 ХҚКО қызметкерлерінің 13 жасқа дейінгі балалары үшін ойын-сауық мерекесі қарастырылған.

Бағдарламада: мерекелік концерт, ертегі кейіпкерлері мен сайқымазақтардың қатысуымен ойын-сауық және шығармашылық-дамыту алаңдары, әр түрлі тосынсыйлар мен сыйлықтар.

Достық атмосферадағы бұл шара балалардың өздерін еркін де көңілді сезінуіне мүмкіндік берді. «Мен әлемді суреттеймін», «Шығармашылық шеберхана», «Би марафоны», «Әнімді еліме арнаймын» алаңдарында балалар өнерлерін шыңдап, өзара байқауға түсті.

Шара барысындағы ертегі кейіпкерлерінің жасаған алып сабын көпіршіктері де кішкентай қонақтарды бей-жай қалдырмады.

Мерекенің басты мақсаты – ата-анасы еңбек ететін мекеме атынан балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, балалардың шығармашылық, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету, Жазғы демалысты жақсы көңілмен өткізуге бағыттау.

Шара ұйымдастырушылары: ХҚКО кәсіподақ комитеті мен Халықаралық “Жанашыр” қоры.

image-28-05-14-13-19-10 1 2 3  5 6 7  9  11 12 13 14 15 16 17 18 19 21




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑