banner-top12

Ақпараттар ағымы 7867

Қосқан уақыты Шілде 17, 2015 | 558 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Нұр Отан» қоғамдық қабылдауына өтініштер бере аласыздар

Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы барлық сынақтарға дер кезінде назар аударып, өз Бағдарламаларын жетілдіріп келеді. Партияның жанынан құрылған қоғамдық қабылдау көкейде жүрген түйткіл мәселелерін шеше алмай жүрген азаматтарға көмек береді. Қоғамдық қабылдауды мәжіліс депутаттары, департамент, басқарма басшылары жүргізеді. Біздің қоғамға қоғамдық қабылдаулар өте қажет. Қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласының қарқынды дамуына үлес қосқан партия www.nurotan.kz порталы арқылы халықтан онлайн өтініштер қабылдайды.
Онлайн өтініштерін қабылдау халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) барлық бөлімшелерінде де жүзеге асырылады. Оған келіп түскен өтініштер оңтайлы шешімдерін табады. Мұнда мәселелеріңізді айтуға толық мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін өзіңізге жақын маңда орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелеріне жеке куәлігіңіздің түпнұсқасымен келсеңіз жеткілікті. Түйткіл мәселелерін шеше алмай жүрген азаматтарымызға онлайн өтініштер тапсыруға кеңестер береміз.

Ерғараева Қарлығаш,
Түрксіб аудандық ХҚКО инспекторы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑