banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG-20141127-WA0027

Қосқан уақыты Қараша 27, 2014 | 649 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Мерекеңмен, Елбасы!» атты мерекелік акция өтті

20141127_15035320141127_151644 20141127_151550 IMG-20141127-WA0035 20141127_151910 20141127_152643 20141127_152726 20141127_152844 20141127_152904 IMG-20141127-WA0004 IMG-20141127-WA0017 (1)  IMG-20141127-WA0023 IMG-20141127-WA0030 IMG-20141127-WA0032

1 желтоқсан – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Биыл Тұңғыш Президент күні елімізде үшінші жыл тойланып отыр. Бұл мереке – мемлекет мерейі. Оның үстіне мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған тұлғаны ардақтау әлемнің бірқатар елінде, оның ішінде өркениетті елдерде бар дәстүр. Қазақстанда да бұл мереке уақыт өткен сайын маңызы артып, халықтық шараға айналуда.
Осы игі мерекеге орай, ағымдағы жылдың 24-27 қарашасы аралығында Халықаралық «Жанашыр» қорының ұйымдастыруымен «Мерекеңмен, Елбасы!» атты мерекелік акция өтті. Шараға Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының келушілері мен қызметкерлері қатысты. Бұл шараның басты мақсаты – Тарихтың тағдыр-талайы шешуші сәтінде мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, елді өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жанды мақтан ету, үлгі ету, құрмет көрсету. Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігін түсіндіру. Бұл – ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатынын ескеру.
Акция барысында қаладағы 7 аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандырылған ХҚКО лед-экрандарында Елбасы жайлы фильм көрсетілді, Елбасының өмір жолына арналған стенд және кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Мерекеңмен, Елбасы!» деген тақырыптағы плакаттарға ХҚКО қызметкерлері мен келушілері өдерінің жүрекжарды тілектері мен құттықтауларын жазады.
Осылайша, мерекелік акция аясында қаланың кез келген азаматы өз қолтаңбасымен Елбасына тілек жазу мүмкіндігіне ие болды. Әркім өз ауданында орналасқан ХҚКО-дағы 100х150 форматтағы плакатқа тілегін жазып Елбасын құттықтай алды.
27 қараша күні аталмыш құттықтау плакаттары Елбасы мұражайына жіберілді.
Әрине, жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты Ұрпақ есінде осылай сақталуы тиіс емес пе?!

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑