banner-top12

Оралмандар 21_2_0

Қосқан уақыты Қазан 26, 2017 | 413 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

1

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖҮГІНЕ АЛАСЫЗ

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АҚПАРАТЫ

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы»  Заңына сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген жұмыс іздеуші азаматтарға, оның ішінде оралмандарға  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмысқа орналасуларына көмек көрсетіледі, сонымен қатар  қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына немесе қысқа мерзімді курстарына жолдама беріледі. Аталған шараларға қатысу үшін олар Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірулеріне болады, мекен жайы: Фурманов к-сі, 50.

Бұдан әрі, жұмыс іздеуші азаматтар өз еркілерімен  жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтерін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыс» (www.enbek.gov.kz) порталында көрулеріне  болатынын хабарлаймыз.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына  жарналар аударған тұлғаларға ғана көрсетіледі. Осыған орай барлық жұмыссыз ретінде  тіркелмеген жұмыссыздар  тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынаөтініш білдірулері қажет.

Өз әлеуметтік мәртебесін   e-gov.kz «электрондық үкімет» порталынан, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан және Халықты жұмыспен қамту орталықтарын анықтауға болады.

ҚазақстанРеспубликасының «Халықты жұмыспен қамту» заңының 3 бабы бойынша «жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттардың:

1)жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде);
3)білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде)

егізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
Он алты жасқа толмаған адам сонымен қатар, өзінің заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін ұсынады.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді.
3. Жұмыс іздеп жүрген адам үш жұмыс күні ішінде кемінде бір рет халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елді мекендерде тұратындар кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне бару арқылы жұмыс іздеуге мүдделілік білдіруге тиіс.

Жұмыспен қамту орталығы “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы ” жүзеге асыру аясында жұмыс іздеп жүрген тұлғаларға келесі мемлекеттік көмек көрсетеді, оның ішінде уақытша жұмыстар:

Әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны.Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында:
1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың;
2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;
3) мүгедектер;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;
5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;
7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;
8) оралмандар;
      9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады;

Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысудың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.

Бұл ретте жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен күнтізбелік жыл ішінде бір рет жүзеге асырылады.

Қоғамдық жұмыстар– халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмыссыздардың;

2) жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;

3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;

2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.

Қоғамдық жұмыс орнына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасы Еңбек заңы таратылады.

Қоғамдық жұмыстарға төленетін еңбекақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі екі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.

Жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсіби (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтауғажіберіледі. Оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде, жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидиялау мөлшері экологиялық үстемақылар төлеуді есептемегенде, айына 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметін ескергенде) құрайды.

Кәсіптік оқыту –кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.

  1. Егер:

1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда;

2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін (мамандығын), қызмет түрін өзгерту қажет болғанда;

3) бар мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылады.

Кәсіптік оқыту:

1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;

2) жұмыссыздар;

3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.

Кәсіптік оқытудан өтетін оқушыларға техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін «білім беру туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Білім беру туралы» Заң) 47-бабы 7-тармағында белгіленген мөлшерде стипендия ұсынылады.




One Response to ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖҮГІНЕ АЛАСЫЗ

  1. Anara says:

    men agilwin adebieti mamandigin bitirdimkazir uydemin. al jumispen qamtuortaligina elektroni jolmen rezyume jiberuge bola ma

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑