banner-top12

Шетелдегі қазақ диаспорасы no image

Қосқан уақыты Мамыр 14, 2013 | 1  007 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХАТКЕРЛЕРДЫҢ ДҮРІЛДЕП БІР ТОЙЫ ӨТТІ

 

ТҰҢҒЫШ РЕТКІ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛІК КӨРМЕСІ МЕН ТҰҢҒЫШ РЕТКІ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛІК ҒЫЛМИ ТАЛҚЫ МӘЖІЛІСІНІҢ ӨТКІЗІЛГЕНІ ЖӨНІНДЕ

СЕНБЕК ӘУЕСҚАН ҰЛЫ

(ШИНЖИЯҢ «ІЛЕ КЕШІ» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ)

БИЫЛ АҚЫМЕТ БАЙТҰРСЫН ҰЛЫ ӘЛІПБИІ МЕН ОНЫҢ «ОҚУ ҚҰРАЛЫ» АТТЫ ҚАЗАҚША ӘЛІПБИ ОҚУЛЫҒЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛДЫ. ҰЛАҒАТТЫ ҰЛТ ҰСТАЗЫ АҚЫМЕТ БАЙТҰРСЫН ҰЛЫ АНА ТІЛІ ЖӨНІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МАҚАЛАЛАРЫНДА: «ТІЛ ــ АДАМНЫҢ АДАМДЫҚ БЕЛГІСІНІҢ ЗОРЫ, ЖҰМСАЙТЫН ҚАРУЫНЫҢ БІРІ… БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗ ЖАЗУ ЗАМАНЫ, ЖАЗУМЕН СӨЙЛЕСУ АУЫЗБЕН СӨЙЛЕСУДЕН АРТЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ ЖЕТКЕН ЗАМАН» ДЕП ЖАЗҒАН ЕКЕН. А. БАЙТҰРСЫН ҰЛЫ РЕФОРМАЛАҒАН АРАБ ЖАЗУЫ НЕГІЗІНДЕГІ ӘЛІПБИ ӨЗ КЕЗІНДЕ ТҰТАС ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ ДҮНИЕСІНДЕ ЗОР СЕРПІЛІС ТУДЫРЫП, ҚАЛЫҢ КӨПШІЛІКТІ ЖАППАЙ САУАТТАНДЫРУ ІСІНЕ, ЖАЗБА ДҮНИЕЛЕРДІҢ ДАМУЫНА, БАСПА ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАНДАНУЫНА ИГІ ЫҚПАЛ ЖАСАҒАНЫН МЫРЖАҚЫП ДУЛАТОВ, Е. ОМАРОВ, Т. ШОНАН ҰЛЫ, С. СЕЙФУЛЛИН ЖӘНЕ М. ӘУЕЗОВ ТАҒЫ БАСҚА ҒАЛЫМДАР СОЛ КЕЗДІҢ ӨЗІНДЕ АЙРЫҚША АТАП, ЖОҒАРЫ БАҒАЛАҒАН. ТҮРЛІ СЕБЕПТЕРДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАҚТАРЫ ЛАТЫН ЖАЗУЫ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАҢА ЖАЗУЫН ҚОЛДАНЫП, ОДАН СОҢ ҚАЗІРГІ СЛАВИЯН ЖАЗУЫ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАҢА ЖАЗУЫНА ОРНЫҒЫП ҚАЛҒАНЫМЕН, ДҮНИЕ ЖҮЗЫ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БІР БӨЛЕГІН ҚҰРАЙТЫН ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫ АРАЛЫҚТА БІР МЕЗГІЛ ЛАТЫН ЖАЗУЫ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАҢА ЖАЗУЫН ҚОЛДАНҒАНЫ БОЛМАСА, НЕГІЗІНЕН А. БАЙТҰРСЫН ҰЛЫ РЕФОРМАЛАҒАН АРАБ ЖАЗУЫ НЕГІЗІНДЕГІ ӘЛІПБИДІ ОСЫ КҮНГЕ ДЕЙІН ҚОЛДАНЫП КЕЛЕДІ.

Қ К П 18 ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ СӘТТІ АШЫЛҒАНЫН ҚҰТТЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЗІР ҚОЛДАНЫЛЫП ОТЫРҒАН АРАБ ЖАЗУЫ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТӨТЕ ЖАЗУЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСҚА ТҮСКЕНІНІҢ БІР ҒАСЫРЛЫҒЫН ЕСКЕ ТҮСІРУ БАЙЛАНЫСЫМЕН ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 15 КҮНІ ҮРІМЖІ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШИНЖИЯҢ ОҚУ – АҒАРТУ ИНСТИТУТЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТКІ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛІК КӨРМЕСІ МЕН ТҰҢҒЫШ РЕТКІ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ  ХАТКЕРЛІК ҒЫЛМИ ТАЛҚЫ МӘЖІЛІСІ ДАБЫРАЛЫ ӨТКІЗІЛДІ.

ЕҢ ӘУЕЛІ ҚАТТЫ СУЫҚ ЕЛЕНБЕЙ ЛЕНТА ҚЙЮ САЛТЫ ӨТКІЗІЛДІ, АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНДАҒЫ, ҮРІМЖІ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКЕМЕ, ОРЫНДАРДАН, ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕРДЕН КЕЛГЕН ЗЕЙНЕТТЕГІ, ЖҰМЫСТАҒЫ ЖҰМЫСШЫ – ҚЫЗМЕТШЫЛЕР, СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ, СОНДАЙ – АҚ АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНЫМЫЗДЫҢ ЖЕР – ЖЕРІНЕН АРНАЙЫ КЕЛГЕН ХАТКЕРЛІК ӨНЕРІНІҢ ЖАНАШЫРЛАРЫ АЛДЫНДА АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНДЫҚ ХАЛЫҚ ҮКІМЕТІНІҢ АҚЫЛШЫСЫ, ШИНЖИЯҢ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТ ҚОҒАМЫНЫҢ БАСТЫҒЫ АРЫП ЗҮРҒАНБЕК ҰЛЫ ҚИМЫЛДЫҢ БЕТӘШӘР СӨЗІН СӨЙЛЕП: «СІЗДІҢ ЖАЗУЫҢЫЗ КӨРКЕМ ӘРІ ДҰРЫС БОЛСА, ОНЫ КӨРГЕН АДАМДАРДА СІЗДІ ТАНЫМАСА ДА, ЖАҚСЫ КӨРУ СЕЗІМІ ПАЙДА БОЛАДЫ, БІР ҰЛТТЫҢ ЖАЗУЫ КӨРКЕМДІК, ГРАММАТИКАЛЫҚ, ЕМЛЕЛІК ЖАҚТАРДАН БИІК ӨРЕГЕ КӨТЕРІЛСЕ, ОЛ АДАМДАРҒА ОРАСАН ЗОР ЕСТЕТИКАЛЫҚ ЛӘЗЗӘТ БАҒЫШТАЙДЫ, ӨЛШЕМГЕ САЙ ӘДЕМІ ЖАЗЫЛҒАН ХҰСНИХАТТАРДА ҮЛКЕН ӨНЕР, ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЕСТЕТИКА БАР, СОНДЫҚТАН ОСЫ РЕТКІ ХАТКЕРЛІК КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ТӨТЕНШЕ ЗОР, КӨРМЕ ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛІК ӨНЕРІН ҚОЛДАУ, ДАМЫТУ ТҰРҒЫСЫНАН АШЫЛДЫ, ЖАСТАРДЫҢ ОСЫ БАСТАМАСЫНА БАРЛЫҒЫМЫЗ АЙРЫҚША АЛҒЫС АЙТАМЫЗ» ДЕГЕНДЕ, КӨПШІЛІК ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН ҚОЛ СОҒЫП, ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ЖІГЕРІНЕ СҮЙІНІП, БӘРЕКЕЛДІ АЙТТЫ.

ШИНЖИЯҢ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТ ҚОҒАМЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН, МӘДЕНИЕТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАСТАР ГРУППӘСІ МІНДЕТІНЕ АЛЫП ӨТКІЗГЕН ХАТКЕРЛІК КӨРМЕСІН АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНДЫҚ ХАЛЫҚ ҮКІМЕТІНІҢ АҚЫЛШЫСЫ, ШИНЖИЯҢ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТ ҚОҒАМЫНЫҢ БАСТЫҒЫ АРЫП ЗҮРҒАНБЕК  ҰЛЫ, АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНДЫҚ РАДИО – КИНӨ – ТЕЛЕВИЗИЯ МЕКЕМЕСІНІҢ ОРЫНБАСАР БАСТЫҒЫ ӘЛҒАЗЫ БЕКҚҰРМАН ҰЛЫ, ШИНЖИЯҢ ОҚУ – АҒАРТУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСТЫҒЫ СЕЙСЕН САДЫҚ ҰЛЫ, АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНДЫҚ ӘДЕБИЕТ – КӨРКЕМӨНЕРШІЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОРЫНБАСАР ТӨРӘЙІМІ ЕРКЕШ ҚҰРМАНБЕК ҚЫЗЫ, АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНДЫҚ МӘДЕНИЕТ МЕҢГЕРМЕСІНІҢ ОРЫНБАСАР БАСТЫҒЫ КЕҢЕС СӘНИ ҰЛЫ ҚАТАРЛЫ БАСШЫЛАР ТАМАШАЛАДЫ ӘРІ ХАТКЕРЛІК ТАЛҚЫ МӘЖІЛІСІНІҢ ТОРАҒАЛАР МІНБЕСІНЕН ОРЫН АЛДЫ.

КӨРМЕГЕ ӘБДЫМАЖИТ ЕРТУҒАН ҰЛЫ, ӘБЫШ БАЙҒАЗЫ ҰЛЫ, ҚАНАҒАТ ЕСТЕМЕС ҰЛЫ, АДАЛБЕК АҚМАДЕВ, ТАСҚЫН МАМЫРҚАН ҰЛЫ, БЕКЕН ӘЗІЛБЕК ҰЛЫ, ЖАРҚЫН ЗӘМӘНБЕК ҰЛЫ, НҰРҚАТ ӘКІРӘН ҰЛЫ, ҚУАНДЫҚ КӨБЕН ҰЛЫ, СЕРЖӘН МІНӘП ҰЛЫ ҚАТАРЛЫ АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНЫМЫЗДЫҢ ЖЕР – ЖЕРІНДЕГІ ЕЛ ІШІ – СЫРТЫНА ТАНЫМАЛ ҚЫЛ ҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІН ЖӘНЕ ХАТКЕРЛІК ӘУЕСКЕРЛЕРІН ҚАМТЫҒАН 50 ДЕЙ АВТОРДЫҢ ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛЫГЫНДЕГЫ БАРЛЫҚ ХҰСНИХАТ ҮЛГІСІН ҚАМТЫҒАН 300 ДЕЙ ТУЫНДЫСЫ ҚОЙЫЛЫП, КӨРГЕН ЖАНДЫ СҮЙІНДІРДІ, ТӘНТІ ЕТТІ.

КӨРМЕМЕН ҰШТАСТЫРА ӨТКІЗІЛГЕН ТҰҢҒЫШ РЕТКІ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛІК ҒЫЛЫМИ ТАЛҚЫ МӘЖІЛІСІН ТАНЫМАЛ ЖАС ХАТКЕР, ШИНЖИЯҢ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ ҚУАНДЫҚ КӨБЕН ҰЛЫ ЖҮРГІЗДІ. ҒЫЛЫМИ ТАЛҚЫ МӘЖІЛІСІНДЕ ЕҢ ӘУЕЛІ АҒА БУЫН ТАНЫМАЛ ХАТКЕР ӘБДЫМАЖИТ ЕРТУҒАН ҰЛЫ «ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛЫГЫНЫҢ ТАРИХЫ» ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТАҒЫ МАҚАЛАСЫН ОҚЫП, ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛЫГЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТАРИХЫНА ШОЛУ ЖАСАП, ХАТКЕРЛІК ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛУ, ҚҰРАСТЫРЫЛУ БАРЫСЫН БАЯНДАП, ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛЫГЫНДЕГЫ ТАБЫСТАРДЫ ТҰРАҚТАНДЫРДЫ. АҒА БУЫН ХАТКЕРЛЕРДЕН МЫРКАМАЛ ЖӘЛЕЛҚАН ҰЛЫ, ӘБІЛЕЗ ШӘРІП ҰЛЫ, ЖҮНІСҚАН БАҚАЙ, ӘБДЫҚАДЫР МЕТЕРБӘЙ ҰЛЫ, АРҒЫН ҚАНАПИЯ ҰЛЫ, ТҮРСІНБЕК ҚИЯШ ҰЛЫ, ӘБДЫМАЖИТ ЕРТУҒАН ҰЛЫ ҚАТАРЛЫЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛЫГЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАП, ӨШПЕС ҮЛЕС ҚОСҚАНЫН, ОСЫДАН СОҢ ЕРКІН КАМАЛ ҰЛЫ, ӘБЫШ БАЙҒАЗЫ ҰЛЫ, ҚАНАҒАТ ЕСТЕМЕС ҰЛЫ, ТАСҚЫН МАМЫРҚАН ҰЛЫ, АДАЛБЕК АҚМАДЕВ ҚАТАРЛЫ ОРТА БУЫН ХАТКЕРЛЕРДЫҢ АҒА БУЫНДАРДЫҢ ІЗІН ЖАЛҒАП, ХАТКЕРЛІК ӨНЕРІН ТІПТІ ДЕ ДАМЫТЫП, ЖАСТАРҒА ҮЛГІ БОЛҒАНЫН, ОСЫ НЕГІЗДЕ НҰРҚАТ ӘКІРӘН ҰЛЫ, ШӘКЕН БӨКЕТӘЙ ҰЛЫ, ҚУАНДЫҚ КӨБЕН ҰЛЫ, БЕКЕН ӘЗІЛБЕК ҰЛЫ, ЖАРҚЫН ЗӘМӘНБЕК ҰЛЫ, СЕРЖӘН МІНӘП ҰЛЫ ҚАТАРЛЫ ЖАС БУЫН ДАРЫНДЫ ХАТКЕРЛЕРДЫҢ ЖЕТІЛІП ШЫҒЫП, ХАТКЕРЛІК БАҚШАСЫН ҚҰЛПЫРТА ТҮСКЕНІН МАҚТАНЫШПЕН АТАП ӨТТІ. ӘБДЫМАЖИТ ЕРТУҒАН ҰЛЫНАН КЕЙІН ТАСҚЫН МАМЫРҚАН ҰЛЫ, АДАЛБЕК АҚМАДЕВ, НҰРҚАТ ӘКІРӘН ҰЛЫ, АДАЛҚАН ҮСЕН ҰЛЫ, ҚУАНДЫҚ КӨБЕН ҰЛЫ «ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛЫГЫ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ», «КОМПЪЮТЕР ХАТКЕРЛІКТЫҢ ОРНЫН БАСА АЛМАЙДЫ», «ХАТКЕРЛІК ــ КӨРКЕМӨНЕРДІҢ ҮЛКЕН ЖАНРЫ», «ОЮЛЫ ЖАЗУ ЖӨНІНДЕ», «ХАТКЕРЛІК ӨНЕРІМІЗДЕГІ ОЛҚЫЛЫҚТАР» ДЕГЕН МАҚАЛАЛАРЫН ОҚЫП, ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛЫГЫ ЖӨНІНДЕ ӘР ҚЫРЫНАН ТОҚТАЛДЫ.

ХАТКЕРЛЕРДЫҢ МАҚАЛАСЫ ОҚЫЛЫП БОЛҒАН ӘРЕДІКТЕ ОСЫ РЕТКІ КӨРМЕНІ, ҒЫЛЫМИ ТАЛҚЫ МӘЖІЛІСІН ҮСТІНЕ АЛЫП ӨТКІЗГЕН ШИНЖИЯҢ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТ ҚОҒАМЫ ЖАСТАР БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ ДУМАН ЖАҚЫП ҰЛЫ 2012 – ЖЫЛЫ ТАМЫЗДЫҢ 6 КҮНІ ҚҰРЫЛҒАН ЖАСТАР БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУ МӘН – ЖАЙЫН, НЫСАНА – МАҚСАТЫН ҚЫСҚАША БАЯНДАП, ҚАРЖЫ ЖАҒЫНАН ЗОР ҚИЫНШЫЛЫҚ БОЛСА ДА, БӨЛІМШЕ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛЫП, ҚОҒАМНЫҢ ӘР САЛАСЫНДАҒЫЛАРҒА ҮГІТ ЖҮРГІЗІП, АШЫҚ ОЙЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛЫП, ҚИМЫЛДЫҢ СӘТТІ ӨТКІЗІЛУІНЕ АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТКЕНІН ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН АЙТҚАНДА, ЗАЛ ТОЛЫ КӨПШІЛІК ҰЗАҚҚА ДЕЙІН ҚОЛ СОҒЫП ҚҰРМЕТ БІЛДІРДІ. ОСЫДАН СОҢ СЫЙЛЫҚ ТАРАТУ САЛТЫ ӨТКІЗІЛІП, ӘБДЫМАЖИТ ЕРТУҒАН ҰЛЫ, ҚАНАҒАТ ЕСТЕМЕС ҰЛЫ, АДАЛБЕК АҚМАДЕВ, АЙДЫН МОЛДАҚЫМЕТ ҰЛЫ, ҚУАН САҒИТ ҰЛЫ, ЕРХАН АҚЫТ ҰЛЫ ҚАТАРЛЫ БАРЛЫҚ  ХАТКЕРГЕ ДАҢҚ КУӘЛІГІ БЕРІЛДІ.

БҰЛ РЕТКІ КӨРМЕНІҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚЫСҚАША ТОҚТАЛСАҚ, ЕҢ ӘУЕЛІ КӨЛЕМІ ҮЛКЕН, ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ, ТУЫНДЫЛАРДЫҢ САПАСЫ ӨТЕ ЖАҚСЫ БОЛДЫ, ТУЫНДЫЛАР ӨЛШЕМДІ ХАТКЕРЛІК КӨРМЕСІНІҢ ТАЛАБЫ БОЙЫНША ДАЙЫНДАЛДЫ, ӨЗІМІЗДІҢ ӘЙГІЛІ ХАТКЕРЛЕРЫМЫЗДЕН ӘБДЫМАЖИТ ЕРТУҒАН ҰЛЫ ҚАТАРЛЫЛАР МЕН ҰЙҒҰР ХАЛҚЫНЫҢ ӘЙГІЛІ ХАТКЕРЫ НИЯЗ КЕРІМ ШАРҚИ, ҒАЛЫМДАРДАН ЖАҚЫП МЫРЗАҚАНОВ, ӘУЕЛҚАН ҚАЛИ ҰЛЫ ҚАТАРЛЫЛАР ТУЫНДЫЛАРҒА, КӨРМЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ЖАҚСЫ БАҒА БЕРДІ; ЕКІНШІ, ЖИНАЛҒАН КӨРЕРМЕН КӨП ӘРІ ЕРЕКШЕ ЫҚЫЛАСТЫ БОЛДЫ, БІР ЖАРЫМ КҮНДЕ КӨРМЕНІ ТАМАШАЛАУШЫЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІ 3 МЫҢ АДАМ – РЕТТЕН АСТЫ, КӨПТЕГЕН КӨРЕРМЕН ӨЗЕРІ ҰНАТАТЫН ТУЫНДЫЛАРЫН ҚОЛФОНМЕН, ФОТО АППАРАТПЕН СУРЕТКЕ ТҮСІРІП АЛДЫ, ӨЗДЕРІ ҰНАТҚАН ТУЫНДЫЛАРДЫҢ АЛДЫНДА СУРЕТКЕ ТҮСІРІП ЕСТЕЛІК ҚАЛДЫРДЫ НЕМЕСЕ ӨЗІ ҚАДЫР ТҰТҚАН ХАТКЕРМЕН БІРГЕ СУРЕТКЕ ТҮСІП ЕСТЕЛІК ҚАЛДЫРДЫ; ТАЛҚЫ МӘЖІЛІСІ КЕЗІНДЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ ЖАС АРТҚЫ ҚАТАРДА ТІК ТҰРЫП, МӘЖІЛІС ТАРАҒАНША ТӘРТІП САҚТАП, ТОПТАРЫН БҰЗБАДЫ; ҮШІНШІ, ХАТКЕРЛЕР НАҚ МАЙДАНДА ӨНЕР КӨРСЕТІП, СТУДЕНТТЕР, БАСҚА ДА ЖАСТАР ӨЗДЕРІ ҰНАТАТЫН МАҚАЛ – МӘТЕЛ, ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРДІ ЖАЗДЫРЫП АЛДЫ; ТӨРТІНШІ, КӨРМЕДЕ ҚАРТ ХАТКЕРЛЕРДЫҢ ДЕ, 9 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ДА ТУЫНДЫСЫ ҚОЙЫЛЫП, ХАТКЕРЛІК ӨНЕРІНІҢ БҰҚАРАЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ КҮШТІ ЕКЕНІ ӘЙГІЛЕНДІ; БЕСІНШІ, ЖАСТАРЫМЫЗДЫҢ БЕРЕКЕ – БІРЛІГІ, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ ӘЙГІЛЕНДІ, АЙТАЛЫҚ, ҚАЗАҚ МАДЕНИЕТ ҚОҒАМЫ ЖАСТАР БӨЛІМШЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ҮРІМЖІ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІМ БАЛАЛАР КҰТЫМХАНАСЫНДАҒЫ 5 – 6 БАЛАНЫ АРНАЙЫ ЕРТІП КЕЛІП, КӨРМЕНІ ТАМАШАЛАТҚЫЗДЫ БҰНЫ ЕСТІГЕН ЖАНДАРДЫҢ КӨБІ АЙРЫҚША ӘСЕРЛЕНДІ; АЛТЫНШЫ, ТУЫНДЫЛАРДЫ АВТОРДЫҢ РҰҚСАТЫМЕН БАҒА ТАЛАСТЫРЫП САТУ ҚИМЫЛЫ ӨТКІЗІЛІП, БІРСЫПЫРА ТУЫНДЫ НАҚ МАЙДАНДА САТЫЛДЫ.«СЕН ҚАЗАҚ»  САЙТЫНЫҢ ЖАУАПТЫСЫ АҚЫТБЕК ШЕРИЗӘТ ҰЛЫ БІРНЕШЕ ТУЫНДЫНЫ САТЫП АЛЫП, ЖАРЫМЫН ҮРІМЖІ ҚАЛАЛЫҚ 36 – ОРТА МЕКТЕП СИЯҚТЫ ҚАТЫСТЫ ОРЫНДАРҒА ҰСЫНДЫ; ЖЕТІНШІ, ХАТКЕРЛЕР БҮКПЕСІЗ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫРЫП, АЛДАҒЫ ЖЕРДЕ КӨРМЕГЕ ҚАТЫНАСТЫРЫЛҒАН ТУЫНДЫЛАРДАН ЖИНАҚ КІТАП ШЫҒАРУ ЖӨНІНДЕ, ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛЫГЫНДЕГЫ АТАУЛАРДЫ БІРЛІККЕ КЕЛТІРУ, ЖАЗУ НҰСҚАЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖАҚТАРЫНДА НЕГІЗІНЕН ПІКІР БІРЛІГІНЕ КЕЛДІ; СЕГІЗІНШІ, ҮРІМЖІ ҚАЛАЛЫҚ 43 – БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ 4 – ЖЫЛДЫҒЫНДА ОҚИТЫН, ХАТКЕРЛІКПЕН ШҰҒЫЛДАНҒАНЫНА 2 ЖЫЛ БОЛҒАН 9 ЖАСАР ЕРХАН АҚЫТ ҰЛЫНЫҢ, 2009 – ЖЫЛЫ ҚАЗАННАН ҚАҢТАРҒА ДЕЙІН 15 МЫҢ МЕТРЛІК ОРАМ ҚАҒАЗҒА ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛІН ХҰСНИХАТПЕН ЖАЗЫП ШЫҚҚАН ТОЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҮЛЕГІ ҚУАН САҒИТ ҰЛЫНЫҢ, 3 МЫҢНАН АСТАМ ХҰСНИХАТ ТУЫНДЫСЫН КІТАП ЕТІП ШЫҒАРТУҒА ДАЙЫНДАП ОТЫРҒАН БЕКЕН ӘЗІЛБЕК ҰЛЫНЫҢ, «АБАЙ», «АБАЙ ЖОЛЫ» ЕПӨПИӘСІН, «ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫН», «ЕЛЖӘУ КҮНБИ», «САНШОРА КҮНБИ», «ОҢҒАЙ КҮНБИ» РОМАНДАРЫН, «ТАҢЖАРЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ ЖИНАҒЫН» БАСПА ҮЛГІДЕ КӨРКЕМДЕП ЖАЗЫП ШЫҚҚАН САНЖЫ ҚАЛАЛЫҚ 2 – ОРТА МЕКТЕПТІҢ ӘДЕБИЕТ ОҚЫТУШЫСЫ НҰРЛАН УАҺАП ҰЛЫНЫҢ ІЗДЕНІСІ, ҚАЖЫРЛЫЛЫҒЫ КАСІПТЕСТЕРІ МЕН КӨРЕРМЕНДЕР АРАСЫНДА КҮШТІ АҢЫС ҚОЗҒАДЫ.

ОСЫ РЕТКІ ҚИМЫЛДЫҢ ӨТКІЗІЛУІНЕ ШИНЖИЯҢ ОҚУ – АҒАРТУ ИНСТИТУТЫ, АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНДЫҚ ХАТКЕРЛЕР ҚОҒАМЫ, ШИНЖИЯҢ ИГІЛІК ЖАРНАМА СЕРІКТІГІ, «СЕН ҚАЗАҚ» САЙТЫ, «ТАНҰШ» ТОЙ, МЕРЕКЕ КИІМДЕРІ ОРТАЛЫҒЫ СЕЛБЕСІП, «ЖАС ҚАНАТ» КИІМДЕРІ, «ПЕЙІЛ» КОМПЪЮТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ӨТЕУ ОРТАЛЫҒЫ, САРҚЫТЖАН САЛЫҚ ҰЛЫ ҚАТАРЛЫ ОРЫНДАР МЕН ЖЕКЕЛЕР ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ.

ҚЫСҚАСЫ, БҰЛ РЕТКІ КӨРМЕ МЕН ТАЛҚЫ МӘЖІЛІСІН ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ХАТКЕРЛЕРЫНЫҢ БІР РЕТКІ, ӘРІ АЛҒАШҚЫ ДҮБІРЛІ ТОЙЫ ДЕУГЕ БОЛАДЫ. КӨРМЕ МЕН МӘЖІЛІСТЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ОРЫН КӨЗДЕГЕН МАҚСАТЫНА ЖЕТІП, ҚИМЫЛ АСА ТАБЫСТЫ АЯҚТАДЫ.

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑