banner-top12

Ақпараттар ағымы 28.01.2017 хоккей мужчины превью 1 - фото

Қосқан уақыты Қаңтар 29, 2017 | 342 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Хоккейден Қазақстанның ерлер командасы қысқы универсиада ойындарының жеңіс тұғырына бес рет көтерілді

  Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет қысқы универсиадаға 1993 жылы поляк қаласы Закопанда өткен жарыста қатысты.

Осы кезде құрамада кейін аты әйгілі болған Алексей Трощинский,  Виталий Трегубов, Александр Корешков секілді спортылар ойнаған еді. Қазақстан хоккейі ол жылдары алғаш рет халықаралық аренаға шыққан. Закопандағы жетістік біз үшін маңызды кездесу болды.    Екі жылдан кейін испан қаласы Хакедегі жарыста қазақстандықтар алтын медальды олжалап,  жеңіс тұрығына көтерілді. Арада тағы екі жыл өткенде Туриндегі универсиадада біздің жігіттер үшінші орын алған болатын. Ал 2013 жылғы Трентинодағы бүкіләлемдік студенттер ойынында желестеріміз күміс медальмен қайтты. 2015 жылғы Гранадада өткен универсиадада қазақстандықтар ресейліктерге 1:3 есебімен есе жіберіп алып, күміс жүлденің иегері атанады.

Универсиаданың жүлдегерлері (шайбалы хоккей, ерлер) – 1993-2015 гг.:

2015 (Гранада, Испания): Ресей, Қазақстан, Канада

2013 (Трентино, Италия): Канада, Қазақстан, Ресей

2011 (Эрзурум, Түркия): Ресей, Беларусь, Канада

2009 (Харбин, Қытай): Ресей, Канада, Словакия

2007 (Турин, Италия): Канада, Ресей, Қазақстан

2005 (Инсбрук, Австрия): Ресей, Чехия, Финляндия

2003 (Тарвизио, Италия): Ресей, Словакия, Канада

2001 (Закопане, Польша): Словакия, Канада, Украина

1999 (Попрад-Татр, Словакия): Украина, Словакия, Канада

1997 (Муджу, Корея): Чехия, Финляндия, Канада

1995 (Хака, Испания): Қазақстан, Чехия. Ресей

1993 (Закопане, Польша): Ресей, Қазақстан, Словакия

Інжу Сағидолла, спорт шолушысы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑