banner-top12

Керек баған

Уақыты 26 июня, 2015 | қосқан shalqar | 794 рет оқылды

0

ХҚКО арқылы уақытыңды үнемде!

Бүгінгі тақырыбымызды Қазақстанның тұрғын үй жинақтаушы банкіндегі депозитіңізді қалай жылдамырақ толтыруға болатынына арнамақпыз.
Қазіргі таңда, әрбір өз болашағын ойлайтын баспаналы болғысы келетін адам ең бірінші Тұрғын үй жинақтаушы банкінде өзіне депозит ашып есеп шотын айма-ай төлеуге тырысып бағады. Бірақ, кей кездері сол шоттың төлеміне уақыт таба алмай әбігер болып жатамыз.
Қарбалыс заманда ХҚКО-ның «Бір терезе» қағидасы бәріміздің талай мәселемізді шешіп, уақытымызды үнемдеп отырғаны белгілі. Ендігі кезек депозитті толтыруға да келіп жетті.
Депозитті жылдам толтырудың төмендегідей екі жолы бар:
1. ХҚКО бөлімдеріндегі өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы.
Сізге ыңғайлы кез-келген ХҚКО бөліміне дүйсенбі мен сенбі күндері аралығында қолайлы уақытта келіп, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы депозитіңіздің шотын небәрі 10 минут ішінде толтыра аласыз. Ол үшін сіздің ЖСН нөміріңізбен банктегі шотыңыздың нөмірі және толтыратын сома болуы керек. Комиссия құны 150 теңге.
2. Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кез келген жерден алу мүмкіндігі.
Егер сіздің электронды цифрлық қолтаңбаңыз болса (жоқ болса, ХҚКО-дан алуға болады) кез келген жерден egov.kz сайтына тіркеліп, сайт арқылы шотты толтыру мүмкіндігі бар.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑