banner-top12

Ақпараттар ағымы photo

Қосқан уақыты Мамыр 25, 2014 | 980 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХҚКО-да  «Әрқашан күн сөнбесін»  атты  балалар мерекесі өтеді

1 маусым – балаларды қорғау күні!

 

IMG_7889-300x200

Алматы қаласы ХҚКО-да балалар – ең маңызды қонақтар! Бұл  күні кішкентай қонақтар үшін, яғни   Алматы қаласы 8 ХҚКО қызметкерлерінің 13 жасқа дейінгі балалары үшін ойын-сауық мерекесі қарастырылған.

Бағдарламада: мерекелік концерт, ертегі кейіпкерлері мен сайқымазақтардың қатысуымен ойын-сауық және шығармашылық-дамыту алаңдары, әр түрлі тосынсыйлар мен сыйлықтар.

Балалардың шығармашылық ой өрісін дамыту барысында, әртүрлі шығармашылық алаңдары жұмыс істейтін болады. Әр алаңның тақырыбы бойынша, балалар қызығушылықтарына қарай қатысатын болады.

Достық атмосферадағы бұл шара балалардың өздерін еркін де көңілді сезінуіне мүмкіндік береді. «Мен әлемді суреттеймін», «Шығармашылық шеберхана», «Би марафоны», «Әнімді еліме арнаймын» алаңдарында балалар өнерлерін шыңдап, өзара байқауға түсетін болады.

Шара барысындағы ертегі кейіпкерлерінің жасаған алып сабын көпіршіктері де кішкентай қонақтарды бей-жай қалдырмайды.

Бұл күні көңілді сайқымазақтар, ертегі кейіпкелері балалармен бірге ән салып, би билеп, мерекені көңілді де ұмытылмастай өткізетін болады.

Мерекенің басты мақсаты – ата-анасы еңбек ететін мекеме атынан балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, балалардың шығармашылық,ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету, Жазғы демалысты жақсы көңілмен өткізуге бағыттау.

 

Өтетін уақыты: 2014 жылғы  28 мамыр,  сағат 11:00 де

Өтетін орны: «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы, (Жандосов көшесі 51, Алтынсарин көшесімен  қилысында) ХҚКО алаңында.

Ұйымдастырушылар: «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы кәсіподақ комитеті, Халықаралық «Жанашыр» қоры.

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑