banner-top12

Ақпараттар ағымы 05-011-350x224

Қосқан уақыты Сәуір 29, 2015 | 593 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХҚКО-да жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою

Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі. Дегенмен, экономиканың тұрақтылығы еңбек нарығында жұмысқа деген сұранысты тудырады. Жылдан – жылға жұмыссыздық деңгейі әрқилы болып келеді. Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, келесі жылы төмен болады. Бұл өмірдің заңы шығар. Қалай болса да, жұмыссыз азаматтарды бір жүйеге келтіріп тіркеу қажет. Бұрын бұл қызметті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ғана ұсынатын, енді бұл қызметті ХҚКО-да да тіркелуге болады. Сіздерге ұсынатын мемлекеттік қызметіміз «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою».
Енді әр жұмыссыз азамат орталыққа келіп, тіркелуіне және есепке тұруына болады. Бұл үшін ең аз құжаттар пакеті қажет, өзімен бірге жеке куәлік пен еңбек кітапшасының болғаны жеткілікті.
Адам сауалнамада қандай білім алғаны, қай тілді білетіндігі, қызығушылығы және бос уақытында немен айналысатындығы туралы ақпаратты көрсете алады, бұл өз кезегінде іздеу үдерісін жеңілдетеді және оның мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен бұл қызметті сіздің қалаңыздың кез келген ХҚКО-сынан алуға болады.
Тіркеуге және есепке қоюға кететін уақыт – күнтізбелік 10 күн.
Сондай – ақ бұл қызметті электронды сандық қолтаңбаңыз болса, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» порталы арқылы да жүзеге асыруға болады.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑