banner-top12

Керек кеңестер http.1_4

Қосқан уақыты Тамыз 19, 2015 | 627 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХҚКО-да кезекті онлайн алдын ала келісу

Қазіргі қым-қуыт заманда әр минуты есептеулі адамдар үшін мемлекет тарапынан қандай да бір жеңілдіктің ұсынылғаны өте орынды нәрсе. Осыны ескере отырып, қалыптасқан жағдайларды шешуде ХҚКО-да өз кезегінде өзекті мәселені шешудің оңай жолын көрсетпек. Ол – ХҚКО-да кезекті онлайн алдын ала келісу. Бұл біреулерге керексіз болуы мүмкін, бірақ кезек күтпей жұмысыңызды бітіру және уақыт үнемділігін тиімді пайдалану біз үшін заманауи тиімді болып тұр. Ол үшін Сізге үйден шықпай-ақ «Электронды үкімет» порталы арқылы негізгі үш қадамнан өтсеңіз болғаны. Олар – ЖСН-ді енгізіп, қажетті ХҚКО-ны таңдау, келуді жоспарлау (Орталықтан қажетті қызметті көрсетіп, қолайлы келу уақытын көрсету) және алдын ала келісу нәтижесі (хабарлама). Демек осыдан барып, қолыңыздағы хабарламамен Сіз көрсеткен қызметтерді кезексіз алу құқығына ие боласыз. Осы үрдістер аяқталғаннан кейін Сіз «брондау» нүктесін басу арқылы электронды кезек талонын ала аласыз. Осылайша ұзын-сонар кезекті қысқарту өз қолыңызда. Айта кететін нәрсе, бұл қызметті иелену үшін е-gov порталына тіркелу міндетті емес. ХҚКО Сіз үшін жұмыс істейді!

ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑