banner-top12

Ақпараттар ағымы фото 17 июля 052

Қосқан уақыты Шілде 24, 2015 | 658 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХҚКО-да мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсету семинары өтті

фото 17 июля 074 фото 17 июля 067 фото 17 июля 066 фото 17 июля 064 фото 17 июля 057 фото 17 июля 055 фото 17 июля 053фото 17 июля 083фото 17 июля 041фото 17 июля 036фото 17 июля 024Изображение 025

Халыққа қызмет көрсе¬ту орталықтары да мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетудің кешенді ша¬раларын жүзеге асырылған. Халыққа қызмет көрсету орталығында жарымжан жандарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар жасалған. Атап айтқанда, жеке куәлік алу – тегін, азаматтарды тіркеуге алу – тегін, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуден өткізу тегін көрсетіледі және көптеген қызмет түрлеріне 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған, қызмет көрсету кезектен тыс жүзеге асырылады.
Барлық ХҚКО-ларда мүгедектер автокөліктері үшін автотұрақтар, пандустар, мүгедектерге арналған көтерілу құрылғылары, шақыру қоңыраулары, арнайы қабылдау үстелдері, көрсеткіш жазулар, браиль әріптерімен таныстыру тақталары, жол көрсету жазулары және т.б. құрылғылармен қамтамасыз етілген. ХҚКО мүгедектерді жұмысқа тарту, қызмет алуға келген мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы курстардан өткен мамандардың қызмет көрсетуі (ымдау тілінің аудармашысы), І және ІІ топтағы мүгедектердің үйіне барып қызмет көрсету сынды жұмыстарды жүзеге асыруда.
Енді, ХҚКО инспекторларына мүгедектігі бар жандарға мемлекеттік қызметті ұсынуда ізгі қарым-қатынасты қалыптастыру, қарым-қатынас коммуникациясын дамыту мақсатында оқыту семинарлары жүргізілуде. «Мүгедектігі бар тұлғалармен коммуникацияның негізгі қағидаттары» тақырыбында өткен семинарда, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін ізгілендіруді дамыту, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар санаттарымен таныстыру және олармен қарым-қатынас этикалары айтылды.
Оқыту семинарды «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «ҚР арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарды, мүгедектерді оңалту жөніндегі республикалық және аймақтық бағдарламаларды жасаушылардың бірі болған. 2012-2018 жылдардағы мүмкіндіктері шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық жоспарды жасауға қатысқан «Намыс» жоғары білімді мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің, сондай-ақ, ҚР мүгедектер ұйымы ұлттық желісінің жетекшісі,Алматы қаласы Әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі кеңесшісі, Иманалиев Кайрат Есмұратұлы және «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ләззат Молдабекқызы Қалтаева өткізді.
«Елімізде «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңы іске асуда. Ол адам құқықтары мен негiзгi бостандықтарын, мүгедектердiң толық және тең жүзеге асыруын қолдау, қорғау әрi қамтамасыз етуді көздейді. Конвенция мүгедектердiң ерекшелiктерiн құрметтеу және оларды адами алуантүрлiлiк пен адамзат бөлiгiнiң құрамдас бөлігі ретiнде қабылдау, мүгедектердiң қоғамдағы азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени өмiрiне қатысуын қамтамасыз етуге, мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтушiлiктi жоюға, сондай-ақ, мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудiң тиiмдi құқықтық тетiктерiн жасауға бағытталған. Мұның біздің елімізде де қабылдануы, Қазақстанда тұрып жатқан 627 мың мүмкіндігі шектеулі жан мен олардың отбасыларының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік беріп, қам көңілдеріне қуат беріп, қуанышын үстей түскені сөзсіз.
Біз ХҚКО РМК басшылығына ризашылықпен алғысымызды білдіреміз. ХҚКО мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыра отырып, оларға біреуден көмек күту дағдысынан құтылуға мүмкіндік жасауда көп жұмыстар жүргізуде. Істеріңізге сәттілік тілейміз!» – дейді «Намыс» қоғамдық бірлестігінің басшысы Кайрат Иманәлиев.
ХҚКО инспекторларына арналған 3-4 тақырыптағы мұндай семинарлар, жыл соңына дейін дейін республикамыздың барлық өңірлерінде өтетін болады.

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑