banner-top12

Ақпараттар ағымы file1722

Қосқан уақыты Тамыз 20, 2015 | 671 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХҚКО-ға бармай-ақ ұялы телефоныңыз арқылы мекенжай анықтамасын ала аласыз

Бүгінде уақыт үнемдеу – электрондық үкіметтің жетістігі. Электронды үкімет дегеніміз – бұл ақпараттық–коммунативтік технологияларды қолдану мен мемлекеттік органдар, халық және бизнестік іс-қимыл жүйесі болып табылатын уақытты тиімді пайдалануға, кезекті қысқартуға, үйде отырып-ақ жұмысыңызды бітіруге, ең бастысы жемқорлыққа жол бермеуге арналған үлкен жоба. Электронды үкімет порталында барлық салалар бойынша бірнеше мүмкіндіктер берілген. Бүгінгі таңда бұл қызмет ХҚКО-ның барлық бөлімдерінде жүзеге асырылуда. Ол үшін клиент электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) алады. Ол үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және онлайн режимінде өтінім беру қажет. Жеке куәлікке ЭСҚ (электрондық сандық қолтаңба) кілттерін орналастырудың басымдылығы оның қауіпсіз сақталуында, бұл жерде жабық кілттің көшірмесін жасау мүмкін болмайды. Жеке куәлік жоғалған жағдайда ЭСҚ-ны пайдалану мүмкін емес. Себебі әрбір азамат өзінің жеке кодын (банктік картаға ұқсас) білуі керек. Яғни азамат кері қайтаруға өтініш беріп, тіркеу куәлігін кері қайтара алады.
Қазіргі таңда ұялы байланыс телефондарына ЭСҚ кілттерін орналастыру өте тиімді болып отыр. ЭСҚ-ны жазу үшін ХҚКО-ның арнайы қызметшісіне барып ұялы байланысқа ЭСҚ жаздыруға өтініш білдіресіз. Оператор сіздің ұялы байланысыңызға жаңа ЭСҚ жазады. Ол сіздің телефоныңызда сақталады. Оған небәрі 5-10 минут уақытыңыз жұмсалады. ЭСҚ жазылған ұялы байланысыңызды пайдалану үшін (юзби шнур) болуы қажет. Осы (шнур) арқылы сізде принтер болса, сіз анықтамалардың барлығына үйден тапсырыс бересіз. Бұл уақыт үнемдеудің ең тиімді жолы. Сонымен қатар, порталдан тек анықтамалар алып қана қоймай, электрондық үкімет арқылы министрдің қабылдауына жазылу, бірінші басшылардың блоктарына, ҚР мемлекеттік органдарына сұрақ қойып, мәселелеріңізді шеше аласыз. Сондықтан барлық азаматтардың ХҚКО-на барып ЭСҚ кілттерін ұялы байланыстарына орналастыруларына кеңесімізді береміз.

Қ.Ерғараева
  Түрксіб аудандық ХҚКО
  инспекторы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑