banner-top12

Ақпараттар ағымы b70d69450a339e35a7611cb2f41921c9

Қосқан уақыты Шілде 24, 2014 | 612 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХҚКО-ға бару уақытын электронды үкімет арқылы алдын-ала брондауға болады

«ХҚКО» РМК халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару уақытын алдын-ала броньдауға  болады.

Кезекті броньдау рәсімінің өзі өте жеңіл екендігін атап өту керек, ол электрондық  сандық  қолтаңбаның (ЭCҚ) болуын талап етпейді және 3 қадамнан тұрады.

Жыл басынан бері «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалынан паспорттар мен жеке куәліктер алуға шамамен  100  мыңға жуық азамат жүгінген екен.

Құжаттар алуға тілек білдірушілердің саны демалыс маусымымен байланысты ұлғая түсуде. Қазір көптеген адамдар паспорттар алуға ХҚКО-ға келеді, себебі шетелге шықпақшы болады. Кейбіреулері алғаш рет жүгінеді, себебі басқа елге бірінші рет шыққалы отыр, енді басқалары құжаттарын ауыстырады, себебі оның қолданылу мерзімі виза алуға жеткілікті емес болып табылады.

Клиенттердің Халыққа қызмет көрсету орталықтарына көптеп ағылуы тамыз айында да күтілуде. Тамыз бұл бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мекенжай анықтамасын алуға жүгінетін шағы, себебі баланы мектепке қабылдау үшін осы анықтаманы ұсыну қажет болады.

Аталған қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету орталығында ғана емес, сондай-ақ электрондық үкімет порталында үй компьютері арқылы да алуға болатындығын атап өтеміз. Мекенжай анықтамасын алу рәсімі орташа есеппен бірнеше минуттарға созылады.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑