banner-top12

Ақпараттар ағымы c4626d767cff69887e059aadf57a1ade

Қосқан уақыты Тамыз 18, 2015 | 920 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХҚКО-лардағы электронды қызмет

ХҚКО-ларда электронды қызмет күн өткен сайын жанданып келеді. Бастысы, кедергісіз, тосқауылсыз қызмет көрсету қағидаты жолға қойылды. Қазір Халыққа қызмет көрсету орталығына бара қалсаңыз, бұрынғыдай ұзын-сонар кезек жоқ, азайған. Мұндай жағдайда жемқорлықтың тамырына балта шабылатыны да белгілі.
Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.
Басқаша айтқанда, электронды үкімет порталында лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге, анықтама алу үшін ХҚКО-ға жеке куәлік қана талап етілетін бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге немесе электронды үкімет порталында небары 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға және осы секілді басқа да көптеген 170-ке жуық қызмет түрлері көрсетіледі. Сайтқа тіркелу тегін. Ол үшін www.egov.kz электронды порталына кіресіз. Онда электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) деген бар. Сол бойынша өтіп, шыққан сауалнаманы толтырып, қағазға шығарып алып, жеке куәлік пен өтінішіңізді алып, Халыққа қызмет көрсету орталығына келесіз.

Алматы қаласы бойынша ХҚКО мекенжайлары:

Әуезов аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Жандосов көш., 51

Алмалы аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көш., 221.

Алатау аудандық бөлімі
Алматы қаласы, «Шаңырақ-2» ықшам ауданы, Жанқожа батыр көш., 2

Бостандық аудандық бөлімі
Алматы қаласы, «Алмагүл» ықшам ауданы, 9а

Медеу аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Марков көш., 44

Жетісу аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Төле би көш., 155

Түркісіб аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Рихард Зорге, 9

Наурызбай аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Егінсу.33

Мамандандырылған ХҚКО бөлімі
«Саялы» ы.а. Аққайнар көш. 1

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑