banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG-20150129-WA0003

Қосқан уақыты Қаңтар 29, 2015 | 786 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХҚКО қызметкерлері – “Аналар үйінде”

Өткен аптада ХҚКО қызметкерлері еліміздің 15 қаласындағы «Ана үйі» күйзеліс орталықтарында оқыту өткізді. Бір реттік қана емес, олармен тұрақты түрде жұмыс істеуді міндеттеріне алған инспекторлар, әлі де «Ана үйлеріне» барып, көмек қолдарын ұсынуда.
Алматы қаласында мұндай «Аналар үйінің» үшеуі жұмыс істейді. Филиал қызметкерлері «Аналар үйі» қамқорлығындағы қыз-келіншектерге барып моральдық, материалдық қолдау көрсетіп, электрондық үкімет порталында жұмыс істеуді үйретуде.
Бүгін де Алматы қаласы Медеу аудандық бөлімінің қызметкерлері «Аналар үйіне» барып, @egovkz порталымен жұмыс істеуді үйретті. Қыз-келіншектер өз бетінше ЭЦҚ алуға өтініш жасап, басқа да қызметтерді алып көрді.
«Аналар үйіндегі» егіз балалар – Айдын мен Мұрат жеті айлық, қазір еңбектейді. Қылықтары тәтті. ХҚКО қызметкерлері Айдын мен Мұратты электрондық портал арқылы балабақша кезегіне қойып, растау қағазын анасына ұстатты. Орталықтағы барлық аналар @egovkz порталының тиімділігіне көз жеткізіп, алдағы уақытта қажетті құжаттарды ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болатынын түсінді.
«Аналар үйінің» тұрғындары қолдау көрсетіп, көмек қолдарын ұсынған ХҚКО қызметкерлеріне алғыстарын айтты.
7 айлық Айдын мен Мұрат – егіз сәбилер. Олар Алматы қаласындағы «Аналар үйінің» тұрғындары. Бүгін Алматы қаласы Медеу аудандық ХҚКО қызметкерлері Айдын мен Мұратты электрондық портал арқылы балабақша кезегіне қойып, растау қағазын анасына берді.

Алмагүл Атагарова,
Алматы қаласы Медеу аудандық ХҚКО қызметкері.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑