ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Алматы қаласы Әуезов аудандық ХҚКО инспекторлары Ұлы Отан соғысының ардагерлері Иван Акимович Абдуллов, Қайысбек Дүйсенбайұлы Байсалбаев, Аминат Оразбайқызы Садыбековалармен кездесу өткізіп, мерекелерімен құттықтады. Ардагерлер 70 жылдығы тойланып жатқан Жеңістің оңайлықпен келмегенін, қан майдандағы қасіретті күндерді еске алып, жастарды елжандылыққа, батырлыққа, отансүйгіштікке үндеді.
Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласты.