ХҚКО қызметкерлерінің балаларына мерекелік шара ұйымдастырылды - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 1 июня, 2015 | қосқан shalqar | 531 рет оқылды

0

ХҚКО қызметкерлерінің балаларына мерекелік шара ұйымдастырылды

IMG-20150530-WA0007IMG_1658.jpg1IMG_1572IMG_1649.jpg2IMG_1641 IMG-20150530-WA0008IMG-20150530-WA0010IMG-20150601-WA0000

Балаларды қорғау күнін 1 маусымда бүкіл әлем болып тойлайды. Өткен ғасырдың бел ортасыннан бастап алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні өткізілген. Дәл осы жылы 51 мемлекет осы күнді мереке ретінде тойлай бастаған. Бүгінде балаларды қорғау күнінің өзіндік символы бар. Ол бүкіл әлемдегі балалар достастығының жаршысы ретінде балалар бейнесі бейнеленген таңбашалар және ту бар. Бұл күн еліміздің барлық аймақтарында аталып өтіледі. Балалардың көңілін аулау үшін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Сол сияқты, бұл атаулы күнді «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы назардан тыс қалдырмады. Филиал кәсіподағының ұйымдастыруымен балаларға арналған қызықты шара өткізілді. Шараға филиал қызметкерлерінің балалары қатыстырылып, аниматорлардың көмегімен балаларды ертегі әлеміне саяхаттауларына мүмкіндік тудырды. Бүлдіршіндер мемлекеттік тілде потриоттық ән шырқап, өлең оқыды. Қыздар топ-топ болып шығып, мың бұралып би билеп, елдің қошеметіне бөленіп жатты. Қызықты-қызықты ойындар ойналып, баларға сыйлық үлестіруді де ұмыт қалдырмады. Балалардың барлығы мәре-сәре болып, ұйымдастырылған іс-шараға риза болып тарқасты.

Жадыра Әлімтай




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑