banner-top12

Ақпараттар ағымы закрытие

Қосқан уақыты Тамыз 29, 2014 | 624 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХҚКО қызметкерлерінің спартакиадасы өтті

волейб волейбол финал волейбол гири гиря алмаз гиряИзображение 282шахматы турник2закрытие Изображение 281  Изображение 305 Изображение 693 канат подтягивание на турнике 680  турник футбол финал 1,2 футбол финал

Алматыда 26-28 тамыз аралығында Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің Екінші республикалық жаздық спартакиадасы өтті. Екі күндік спорт додасына «ХҚКО» РМК-нің өңірлердегі филиалдарының қызметкерлерінен жасақталған командалар өзара күш сынасып, төзімділіктері мен шеберліктерін байқатты. Спорттық ойындардың 6 түрі бойынша үздіктер анықталатын жарыс жолына 160-тан аса қатысушы шыққан еді. Нәтижесінде, жалпы командалық сайыста бірінші орынды – Оңтүстік Қазақстан облысы, екінші орынды – Жамбыл облысы, үшінші орынды – Шығыс Қазақстан облысы командалары иемденді.
Ал жекелеген спорт түрлеріне келсек, волейболдан Шығыс Қазақстан облысы командасы үздік танылса, одан кейінгі орындарды – Алматы және Қостанай облыстары иемденді. Ал, адамның логикалық ойлау қабілетін, ой өрісін дамытып, тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға үйрететін шахмат жарысында Астана – бірінші, Ақтөбе – екінші, Оңтүстік Қазақстан облысы ойыншылары – үшінші орындарды өзара бөлісті. Гир көтеруден Жамбыл облысы командасының өкілі гирді 165 рет қалпақша көтеріп, командасына бірінші орынды алып берсе, Алматы қаласы – екінші, Солтүстік Қазақстан облысы –үшінші орындарды иемденіп, «білекті» екендіктерін байқатты. Арқан тартыста – Оңтүстік Қазақстан – бірінші, Солтүстік Қазақстан – екінші, Алматы қаласы – үшінші орындарға шығып, мықтылықтарын байқатты. Ал, түрнекке тартылу сайысында Жамбыл облысы алдына жан салмады. Екінші және үшінші орындарды Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары өзара бөлісті.
Ал, теңбіл доп додасында Оңтүстік Қазақстан облыстық ХҚКО командасы ешкімге дес бермесе, Қостанай облысының командасы да осал еместігін байқатып, екінші орынға шықты. Біреудің бағы шабар, біреудің бабы шабар сайыста Жамбыл облысы үшінші орынды місе тұтты.
Спартакиаданың жабылуында «Спартакиаданың негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында спортқа деген қызығушылықты арттыруды, денешынықтыруды денсаулықты жақсарту мен белсенді демалыстың бір құралы ретінде насихаттауды және спорт шеберліктерін шыңдауды көздеп отыр»,- деді «ХҚКО» РМК бас директоры Мұрат Айтуғанов. Және салауатты өмір салтының жарқын көрінісі ретіндегі спорт мерекесіне кәсіпорынның кез келген қызметкерін ойыншы немесе жанкүйер ретінде қатысуына мүмкіндік жасаған, спартакиада ұйымдастырушылары ХҚКО Кәсіподақтары бірлестігіне, Алматы қаласы ХҚКО ұжымына алғысын білдірді.
Командалық спорт ойындарының жеңімпаздары спартакиаданың арнайы Кубогімен, ал үздік деп танылған жеке жеңімпаздар құнды сый-сияпатпен марапатталды.
Осылайша, ХҚКО қызметкерлерінің бірлігі мен мен ынтымағын арттыруға септігін тигізетін алаңға айналған спартакиада өз мәресіне жетті.

 

ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑