banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2020-03-21_13-27-03

Қосқан уақыты Наурыз 17, 2020 | 62 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХҚО–лар штаттық тәртіпте жұмыс істеп жатыр

Бүгінгі таңда елдегі барлық, оның ішінде Алматы қаласы бойынша ХҚО –лар, штаттық тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Сақтық шаралары қолға алынған. Коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу үшін азаматтарды ХҚО-ға топ-топпен кіргізу туралы шешім қабылданды. Бұл залда санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу және адамдардың көптеп жиналуын болдырмау үшін қажет шаралар жиынтығы.
Фронт-офистер адамдардың көп жиналатын орындары болып табылатындығын ескере отырып, филиал коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша шаралар қабылдады.
Атап айтқанда::
– Фронт-офис қызметкерлері тыныс алу ағзаларын қорғау құралдарын (маскаларды) және антисептиктерді пайдаланады;
– жиі-жиі үй-жайларды желдету жүзеге асырылады;
– тазалық жұмыстары ылғалды негізде, қарқынды түрде хлорлы ерітіндімен жүргізіледі;
– фронт-офистерде коронавирустық инфекция және сақтық шаралары туралы ақпарат орналастырылған.
Айта кету керек, Азаматтарға арналған үкіметтің фронт-офистері арқылы көрсетілетін 642 қызметтің 608-ін, оның ішінде мамандандырылған бөлімдердің қызметтері де бар, электрондық үкімет порталы арқылы, фронт-офистерге бармай-ақ алуға болады. Осылайша, азаматтардың ЭҮП белсенді пайдалануы филиал бөлімдерінде болу санын азайтып, кез келген вирустық аурулардың таралу қаупін төмендетуі мүмкін.
Смартфон арқылы 60 қызмет түрі қолжетімді. Сондықтан ХҚО-ға барудың қажеті де жоқ.

Баспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑