banner-top12

Ақпараттар ағымы 2014-11-19 11.25.17

Қосқан уақыты Қараша 20, 2014 | 565 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

“Ымдау тілінің аудармашысы” сертификатын алды

Биылғы Жолдауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналу тиістілігі атап көрсетілгені белгілі. Осы санаттағы жандарды белсенді өмірге тарту, олардың өздерін қоғамның пайдалы мүшесі ретінде сезіну көзқарасын қалыптастыру жөніндегі Елбасының тапсырмалары бүгінде ХҚКО қызметінің бағдарына айналған. Барлық ХҚКО ғимараттарына мүгедектердің кіріп-шығуына ыңғайлы болу үшін пандустар орнатылған, көлік тұрағы жабдықталған, ғимарат іші де мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жабдықтармен жабдықталған. Көзі көрмейтіндер үшін Брайл әліппесімен нұсқау, көрсеткіш тақтайшалар ілінген. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында «ХҚКО» РМК бос лауазымдар жәрмеңкесіне қатысып, «Жұмыспен қамту орталығына» әрдайым ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар, жоғарғы немесе орта арнайы білімі бар мүмкіндігі шектеулі жандар арасында мониторинг жүргізіліп, оларды ХҚКО-ға жұмысқа қабылдау мақсатында кадрлық қорға енгізеді.
Осылайша, Халыққа қызмет көрсету орталығына келетін мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдайлар жасалып, сапалы қызмет көрсету үшін шаралар жасалуда. Енді есту қабілетінен айырылған мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету үшін де жағдайлар қарастырылуда. Осы кезге дейін қызмет алуға келген мұндай жандармен ХҚКО инспекторлары қалай тіл табысарын білмей қиналса, енді оларға қол қимылымен, ымдау тілімен түсіндіре алатын инспекторлар бар. Мұндай мүмкіндікке арнайы оқу курстарының арқасында қол жеткізіліп отыр.
«ХҚКО» РМК өз қызметкерлерін «Ымдау тілінің аудармашыларын» дайындайтын арнайы курстарда оқытуда. Жақында ғана Қарағанды облыстық филиалының 31 қызметкері осындай курстан өтіп сертификат алса, енді Алматы қалалық филиалының 8 қызметкері «Ымдау тілінің аудармашысы» атанды. Енді олар екі ай бойы алған білімдерін жұмыс барысында іске асырып, есту қабілеті шектеулі мүгедектерге мінсіз қызмет көрсететін болады.

Алматы қалалық ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑