banner-top12

Ақпараттар ағымы 20140622203906

Қосқан уақыты Ақпан 17, 2015 | 683 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне «Айтысты», «Қымызды», «Бүркітпен аң аулауды» енгізу жоспарланып отыр

ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары тізіміне «Айтысты», «Наурызды», «Қымызды», «Бүркітпен аң аулауды» енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінен кейін Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.
«Бірден бір жетістігіміз – «Қазақтың дәстүрлі домбыра күй өнері» және Қырғызстанмен бірлесіп дайындаған «Киіз үйді жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» аталымдары Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілді. Бұл – ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары тізіміне еніп отырған алғашқы мұраларымыз. Ендігі кезекте «Айтыс», «Наурыз», «Қымыз», «Бүркітпен аң аулау», және басқа да ұлттық өнерлерімізді енгізу жоспарланып отыр», – деді департамент басшысы.
Сонымен қатар А. Райымқұлова «Тарихи-мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жоба аясында 31 ескерткіште жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, онында жұмыс толық аяқталғанын, 7 ірі тарихи нысандарда археологиялық зерттеулер, 4 ғылыми қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
«Жылдың айтулы оқиғасы – Қазақстан аймағындағы Ұлы Жібек жолының Жетісу бөлігіндегі сегіз ескерткіші, яғни – Талғар, Қаялық, Қарамерген, Ақтөбе (Баласағұн), Өрнек, Құлан, Құстөбе және Ақыртас кешендері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік трансшекаралық мұралар аталымына еніп, ЮНЕСКО тізбесіндегі Қазақстан ескерткіштерінің қатарын толтырды», – деді ол.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑