banner-top12

Ақпараттар ағымы 7f8edf1a75635fbd0ca01633a9a

Қосқан уақыты Маусым 29, 2016 | 448 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ЮНЕСКО Унверсиада-2017 алдында бірнеше антидопингтік шаралар өткізеді

Алматыда ЮНЕСКО кластерлік бюросы директорының қызметін атқарушы Андрей Шевелов пен 28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына дайындық және өткізу Дирекциясының басшылығы 2005 жылғы допингке қарсы Конвенцияның аясында өтетін шаралардың жоспарын талқылау үшін кездесу өткізді.

ЮНЕСКО кластерлік бюросы допингке қарсы күреске жұмылдырылған 28-ші қысқы Универсиада ойындарының барысында жасалатын жобаны ұсынды.

Негізгі шаралардың бірі болып, жарысқа келген атлеттердің допинг қолдануы мәселесімен күрес бойынша өтетін Халықаралық симпозиум таңдалып алынды.

«Бүгінгі бәсекенің жоғары болуына байланысты допинг қолдану қауіпі де өсіп барады. Соның кесірінен спорттағы моральдық-этикалық негіздері мен қолданушының денсаулығына қатер төнеді», – деп айтып өтті А.Шевелов.

Осы себепті ЮНЕСКО бюросы мен 2017 жылғы Универсиада дирекциясының келісімімен алда өтетін шаралардың өтуі мен допинг қолданудың алдын алуға бірге ат салысатыны шешілді.

Диркеция басшылығы ЮНЕСКО-мен  допингке қарсы күресте серіктес болуға дайын екенін мәлімдеді. Сол үшін ЮНЕСКО, ҚР Сыртқы істер Министрлігі, Алматы әкімдігі, Дирекция, FISU, Қазақстан Ұлттық Федерацияларының клубы өкілдерінен құралған арнайы топ жасақталады.

Келесі жиналыс 2016 жылдың 3-шілдесіне белгіленді.

«ЮНЕСКО бастамасы28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық ауқымымен сай келеді деді» – Дирекция басшылығы.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑