banner-top12

Руханият g-ylymi-zhoba-iemdik-k-asiietti-sut-tag-amdary_5

Қосқан уақыты Қараша 8, 2017 | 289 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДІ ДАМЫТУДАҒЫ  ҰЛТТЫҚ БРЕНДТІ НАСИХАТТАУ

(Мақала Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізіндегі Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының  «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы бойынша жазылған.)

Қастерқұл Әденай Қайратбекқызы

Алматы қаласы, Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі

Ғылыми жетекшісі: Қайырханова Ақмарал Мұратқызы

 

 «Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз»

Н.Назарбаев

XX ғасырдың соңында еліміз халықтарының ұлы жетістігі Қазақстан тәуелсіз мемлекеттілігінің орнатылуы болды. Бұл ұлттықотарлықтан арылу, толықмағынадағытәуелсіздікхалқымыздыңғасырларбойыаңсаған, күткенарманыболатын.

Осы ұлттық мүдде жолында алаштың ең ардақтылары өз жандарын құрбан етті. Қазақстанның Тәуелсіз ұлттық мемлекеттің, халқымыздың еркін, азат өмірін,  өз тағдырларын өздері шешетін ұлы бақытын көруді бүгінгі ұрпаққа нәсіп етті.

Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия,сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания жәнет.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады.       Қазақстаншетелдердедипломатиялықжәнеконсулдықөкілдіктерашуғакірісті.

Соңғытөртжылдажалпыішкіөнімніңжиынтықөсімі 50 пайызғажуықартқаны біздегіжасампаздықжұмыстыңжарқынжемісі.Стратегияданбастауалғанқұжаттардыңбірі – ҚазақстанПрезидентініңхалқынажолдауы. ОлЖолдауҚазақстанның мол мүмкіндігі мен жарқынболашағынеліміздеғанаемес, халықаралықауқымда да кеңінентанытты.

ЕліміздіңтәуелсіздікалуыменқатарОтантарихындағыкөптегенөзектімәселелержаңашатұрғыданқаралып, дербес, тәуелсіз ой-пікірлер мен тұжырымдарқалыптасабастады.

Қазір бәрі де «бренд» ретінде танылғысы келеді. Бренд – бұл үлкен күш, таусылмас қуаттылық.

«Бренд» арқылы әлемге «Қазақстан», «Қазақ елі» немесе «Ұлы Дала Елі» атауын танылдыруға, әлем халқының елімізге дұрыс көзқараста болуын қамтамасыз етуге әбден болады. Бұл технология елдің дамуына қалайда өз ықпалын тигізеді. Ел брендін жасаудағы мақсат оның жекелеген адамдарға немесе топтарға ғана пайдалы болуы емес, бүкіл бір халыққа да пайдалы болуы. Ел брендін жасауда оның патриотизмге де оң әсерін тигізетінін есте сақтағанымыз жөн.

Күш-қуатты, еңбекті, үлкен қаражатты жұмсағанда аяуға болмайтын ең басты бренд – ел. Әрине, бұл жағына келгенде Қазақстан күш пен еңбекті қайдам, қаржыны аяп жатқан жоқ. Еліміздегі өтіп жатқан жаһандық кездесулер, қысқы Азиада ойындары,  2017 жылы өткен EXPO  көрмесі т.б. бәрі де елдің танылуы үшін, еліміздің бренд ретінде қалыптасуы мақсатында тың, ерен еңбектер атқарылып жатқаны рас.

Осы мақсатта Мемлекетіміздің Брендіне нені жатқызуға болады, жалпы брендіміз бар ма, болған жағдайда, брендті насихаттау, жарнамалау жағы республикалық деңгейде қандай дәрежеде екендігін анықтау  барысында, Қазақстандық жастардың көзқарасын білу үшін Әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылды. Сауалнама жалпы 2 бөлімнен тұратын, жас ерекшеліктері 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары арасында өтті. Жалпы сауалнамаға қатысқан жастар саны 100 адам және сауалнама Қазақстанның миллионер қаласы әрі мәдени орталығы болғандықтан, Алматы қаласының мысалында жүргізілді. Әр түрлі мамандық иелері, қоғамдағы орны мен атқаратын қызметтері де әр түрлі саладағы жастар. Жас контентін 14-23 жас және 24-29 деп екіге бөлдім, себебі, 14-23 жас аралығындағы жастардың 90 пайызы оқушы немесе студенттер болып табылады. Ал, 24-29жас аралығындағы жастардың барлығы дерлік қызмет атқарады әрі отбасын құрған. Яғни, кемелденіп ақыл тоқтатқан деуге де болады.

Сауалнаманың бірінші бөлігі:

  1. a) Жасы, жынысы, социалдық жағдайы және білім деңгейі сұрастырылды.
  2. b) Жас диапазонына байланысты 14-23 жас аралығындағы жастар 79 пайыз, ал, 24-29 жас аралығындағы жастар 21 пайызды құрады.
  3. c) Жалпы жынысына байланысты арнайы түрде 50/50 қылып алуға тырыстым. Себебі, мүмкін жынысына байланысты ой пікірлері әр түрлі болар деген мақсатта.
  4. d) Әлеуметтік жағдайына байланысты студенттер саны 56 пайыз, жұмыс істейтін 44 пайызды құрады.

Сауалнаманың екінші бөлігінде:

а) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Бренді не деп ойлайсыз?» деген сауал бойынша:

– 11 пайызы «Елбасы», яғни, Қазақстан Республикасының Президенті;

– 7 пайызы «Ұлы Дала Елі», яғни Мемлекеттің  дәрежесі;

– 5 пайызы «Спорт», оның ішінде «Бокс» пен «Қазақша Күрес», бұл дегеніміз Қазақстанның аты спорт саласында да көрініп жатқандығы;

– 21 пайызы «Ұлттық тағам» десе;

– 6 пайызы «ЭКСПО-2017» көрмесі деген пікірде;

– 19 пайызы «Қазақстанның туризм саласы», яғни, Ұлы сайын даласындағы Қазақстанның көрнекті өлкелері деген ойда;

–  12 пайызы «Киіз үй» десе, 13 пайызы «Ұлттық киім» яғни, әлі де біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің  көрінісі бар екендігін аңғартады;

–  және 6 пайызы «Ұлытау» тобы, Қыдырәлі Болманның Рок-этно стильдегі музыкалық тобы деген ойда.

  1. b) «Қазақстанда Ұлттық Брендті жарнамалау деңгейі қандай?»,- деген сұраққа:

– 29 пайызы жақсы, яғни, жұмыстар атқарылып жатқандығын білдіреді;

–  41 пайызы орташа;

–  17 пайызы қанағаттандырарлық;

– 13 пайызы даму деңгейі қарқынды емес деген пікірде.

  1. c) «Ұлттық Бренд ретінде сіз нені ұсынар едіңіз?», деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың пікірлері жан-жақты болды.

– 26 пайызы «Қазақстандық Ұлттық тағам»;

– 15 пайызы «Қазақстан достастық елі»,- деген ой-пікірде. Себебі, Қазақстан Республикасының тарихы мен тағдыры бір 140-қа жуық ұлттардың Отаны болып табылғандықтан, Үздік Достастық мемлекеті үлгісін ұсынуда;

– 23 пайызы Қазақ батырларының, лиро-эпостық жырларды Голливудқа, сценарий ретінде ұсыну. Отандық кино, өнер саласын дамыту.

– 20 пайызы туризм, қонақжайлылық, ұлттық идеология, ұлттық  бірлік идеяларын ұсынуда.

– 16   пайызы Отандық киім-үлгілер, дизайнерлік туындыларды ұсынуда, және  «Бал-Бала» ойыншықтарын шетелге шығару.

Ел-брендінің мақсаты – елдің позитивті, жағымды образын жасау. Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана емес, бірнеше жобаларды қатар жүзеге асыру керек.

1.2015 жылғы 11 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық өндірушілерді қолдауға шақырған болатын. Сөйтіп, «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынған еді. Акция барысында сауда желілерінде сатылатын қазақстандық өнімдер көзге бірден түсердей ерекше көрсетіліп қойылады. Отандық өндірушілердің тауарын сатып алғысы келетін азаматтарға бұл өте қолайлы. «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің, қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұл Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», деген болатын Елбасы. Отандық өнімдерді өндіруші компанияларға үлкен жауапкершілік артамыз,  біріншіден сапа жағына көп мән бергеніміз абзал. Екіншіден, қарапайым халыққа қолжетімді болғаны жөн. Үшіншіден, жарнамалау жұмыстарын дамытуымыз керек.

2.«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық конференцияда сөз сөйлеу кезінде былай деді: “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын». [1]

3.Қазақ брендін алға тарту жолында «Трансұлттық компания құру». Ұлтаралық компания құрамына кіретін компаниялардың бір бөлігін иелену арқылы басқарылады. Әлемдік рынокқа бәсекелестікке түсе алады. Компания ұлттық өнімдерді әлемдік нарыққа шығарады. Яғни, қазақы ұлттық тағамдар (Құрт, қымыз, шұбат, қазы, бауырсақ, жент, т.б.); «Бал-бала» ойыншықтары секілді ұлттық брендке айнала алатын өнімдер.

4.Қазақта Бокс пен күрес қатар жүреді ғой. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы алғаш рет 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің саңлақтар бұрын соңды болмаған нәтиже көрсетті. Осылайша, қазақ боксының дамуы үлкен қарқын алып, былғары қолғап шеберлері 2004 жылы Грекияда өткен XXVIII жазғы Олимпиада ойындарында Бақтияр Артаев; 2008 жылы Бейжіңде өткен XXIX Олимпиада да Бақыт Сәрсекбаев; 2012 жылы Лондонда өткен XXX Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев; 2016 жылы Рио-де-Жанейро XXXI Олимпиада да Данияр Елеусінов алтын медальға ие болған еді. Ең бір айта кететін ерекшелігі бұл спортшылар 69 келі салмақта ел намысын қорғады.

Қазақтың күресі сонау ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан мұра. Қажымқұқан атамыздың күрестегі жеткен жетістігі қазақ елін бүкіл әлемге танытты.

5.Қазақтың ұлттық тағамдары. “Ас – адамның арқауы” демекші әр халықтың өзіне тән ұлттық тағамдары болады. Қазақтың құрты, женті, қазысы, шұбаты, қымызы болмасын барлығы дерлік адам денсаулығына пайдасы өте көп. Таяуда осы ұлттық тағамға байланысты жаңалықтар елді елең еткізіп жатыр. Мысалы өзіміздің құртымызды “Құртафелло”атауымен брендке шыққандығы жайлы айта кеткеніміз жөн. Тағыда бір құрт жайлы жаңалықтың бірі қызылды-жасылды құрттарымыздың шығуы. Қазақ құрты «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұлттық брендке айналды десек болады. Ұлттық сусындар – қымыз бен шұбаттың да адам ағзасына тигізер емі жетерлік. “Туберкулез” ауруына саумал мен қымыздан басқа ем болмаған. Еуропа халықтары да ұлттық сусынымызға қызығушылық танытып келе жатыр. Дәрі жасау технологиясында осы екі сусынымызды қолданғалы жатыр.

6.Туризм. Соңғы жылдары Қазақстанда туризм қарқынды даму үстінде. Қазіргі кезде елімізде 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді. Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер туризм нысандары болып табылады. Еліміздегі табиғи қорықтар, ұлттық парктер, Бурабай, Тарбағатай, Баянауыл, т.б. бұлардың барлығын туристік нысандарға жатқызамыз.

«Алматы  – республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитек-турасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы  ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапқан. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстан­ның ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, “Қазақстан“, “Отырар“, “Рахат-Палас”, “Анкара”, “Достық” қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып са­лынған ғимараттар бой көтерді». [2]

Алматының 1000 жылдығы орай ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде киіз үй мен алма бағы орнатылды. Киіз үйдің ішінде заманауи қаламен таныстыратын музыкалық эффектілермен арнайы дайындалған видеоларды көрсетілетін экран орнатылған. Видеоға Шарын шатқалы, Көлсай көлі, Шымбұлақ, Медеу түсірілген. Сонымен қатар қаланың көркем ғимараттары көрініс алған.

7.Киіз үй. «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш» демекші қазақ халқының негізгі баспанасы – киіз үй. Бабаларымыз өмір сүрген киіз үйде тұрмасақ та, оны кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз – парыз. Осынау тарихи жәдігерімізді ұлттық брендке айналдыруға бола ма? Тарихта Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы сияқты аңызға айналған ақ шатырлар көп болған. Тіпті XII-XIII ғасырлардағы мемлкеттердің Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда деп атау қойылуының өзі осы киіз үймен байланысты екендігін Шоқан Уәлиханов атамыз кезінде айтып кеткен. Киіз үй қазіргі заманда дүниежүзінің назарын өзіне аударып отыр. Мәселен, АҚШ-та 75 мың долларға люкс киіз үйлер сатылуда. Оның ішкі құрылысын әйгілі дизайнер Ребекки Визард әзірлеген. Америкада люкс киіз үйлерді сатылымға шығару үлкен қарқын алып жатыр.

Ал Жапондықтар киіз үйдің ішінде өмір сүріп жатыр екен. Елдің сейсмикалық аймақтарында киіз үй қалашықтары салына бастапты. Бірақ бұлардың басты ерекшеліктері киіз үй ағаштан емес, пенопластан жасалынған.

8.«Ұлытау»  қазақтың аспаптарын дәріптеп, этно-рок стилінде шетел сахналарында өнер көрсетіп жүрген топ. Бұл ұжым Қыдырәлі Болмановтың жетекшілігімен әу бастан-ақ игі мақсатта құрылған еді. «Нағыз қазақ – домбыра» демекші топтағы басты аспаптардың бірі – қара домбыра. Топтың мақсаты – Азия музыкасын Батысқа мойындату.

9.Ұлттық киімдер. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің құндылығын жоғалтпай келе жатқан әрі сәнді, әрі әсем, ыңғайлылығымен ата-әжелеріміз күнделікті тұрмыста киіп жүрсе, енді біреулері қыз ұзатуда қазақтың арулары ұлттық нақыштағы ақ қөйлекті, сәукелені арнайы тапсырыс беріп тіктіріп жүр. Отандық дизайнерлеріміз де ою-өрнектермен көмкерілген коллекцияны әлемге танытып келеді.

10.«Бал-Бала» ойыншықтары. «Тәрбие тал бесіктен» демекші, қазақ бала тәрбиесіне баса назар қойған. Қазақ үшін отбасынан киелі нәрсе жоқ. Сәбидің тәй-тәй басып, «мама» деп ең бірінші сөйлегенінен бастап-ақ дұрыс тәрбие, дұрыс үлгі көрсете білгеніміз жөн. Жастайынан қазақша сөйлеп, қазақы тәрбие беру ол әрбір ата-ананың міндеті. Қазіргідей қарбалас заманда бала тәрбиесіне ылғи да уақыт болмай жатады. Қазіргі заманда баланың көңілі бөлінетін ойыншықтар өте көп, солардың бірі отандық өнім «Бал-бала» ойыншықтары. Бұл ойыншықтардың ерекшеліктері өздігінен қимылдай алатындығы, сөйлей алатыны, би-билеп, ән айта алатыны. Ойыншықтарға балалар еліктеп, қимылдарды қайталап, тіпті әндерін де жаттап алатынына көзіміз жетті. Тек бұл ойыншықтар ғана емес күй шертетін домбыра, киіз үй, түйе, қаңбақ шал, т.б. сатылымға шыққалы жатыр. Отандық ойыншықтарымыз қарапайым халыққа қол жетімді, сапалы жолмен жол тартуы керек. Нәресте кезінен бастап қазақша өлеңдер естіп, қазақша сөйлеп, осы ойыншықтардың образына еліктеп өссе қазақ тіліне деген сенімі, мақтаныш сезімі пайда болады.

«Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!  Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!

Алға, Қазақстан!»[2]

Ел брендіне әсер ететін брендтер өте көп. Еліміз Ұлттық Брендті қалыптастырамыз десе ең бірінші қаншама құрбандықапен келген тұғырлы тәуелсіздікті бағалап, салтымызды, әдет-ғұрыптарымызды ұмытпай, қазақ тілін мақтан тұтуымыз қажет. Таяудағы жүз жылдық,әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін,елдігі мен еңбегін баянды еткей!

Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшан-теңіз даласы бар, аруақ қолдаған ел екендігімізді мақтан етейін! (Н.Назарбаев)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еҚазақс-тан халқына Жолдауы. 28.01.2011 жыл
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақс-тан халқына Жолдауы. 14.12.2012 жыл
  3. «100 нақты қадам» бағдарламасы
  4. «Қазақстан – 2050» стратегиясы
  5. Н.Ә.Назарбаев «Ой бөлістім халқыммен» – Алматы. 2006 жыл
  6. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы
  7. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». «Егемен Қазақстан» газеті

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑