banner-top12

Ақпараттар ағымы 20150217_100950

Қосқан уақыты Ақпан 17, 2015 | 786 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Заңдағы өзгерістер талқыланды

20150217_101036 20150217_100852 20150217_100950   20150217_101834Camera 360Camera 360

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік органдардың 159 қызметін халыққа ұсынады. Өкілетті органдардың әрбір қызметін халыққа дұрыс, сауатты және дер кезінде көрсету үшін, ХҚКО қызметкерлері үнемі ізденіп, оқып, өкілетті органдар өкілдерімен дөңгелек үстелдер өткізіп отырады.
Бүгін де «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалында Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Жиын мақсаты – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы өзгерістерді талқылау. Заңдағы соңғы өзгерістер халыққа қызмет көрсету үдерісін жеңілдете түседі. Халыққа да оңтайлы. Мәселен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде техникалық паспорттың қажет емес екендігі, нотариуста рәсімделген шарттар сол нотариус арқылы мемлекеттік электронды тіркеуге өткізілуі; заңды тұлғаларды алғашқы және қызметінің тоқтатылуын тіркеу кезінде, егер шағын және орта кәсіпкерлікке жатса, мемлекеттік төлемақы алынбайды, яғни қызмет тегін көрсетілетіні; жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларда өз атауы жазылған мөрдің талап етілмеуі сияқты өзгерістер де халықтың қызмет алуына ыңғайлылық тудырады.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері Жарқын Әбдурашитұлы Өтегенов, Қарлығаш Әбдірашитқызы Шәкірбекова, Наурыз Қалмырзаұлы Тәшенов, аудандық ХҚКО бөлімдерінің басшылары және және филиал тәлімгерлері қатысты.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑