banner-top12

Ақпараттар ағымы 44756322_129979514641852_7529029583434153984_n

Қосқан уақыты Қазан 22, 2018 | 118 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Зейнеткерлікке шығарып салды

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы қаласы бойынша филиалында қызметкерлерді зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.
Талай күндер төккен тер мен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толықсып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн – дегендей, филиалдың бас мамандары Нұрия Әбіләсіпқызы Сәбитова мен Майра Әбітайқызы Бегімқұловалар зейнеткерлік жасқа жетіп, талай жылдар еңбек еткен ұжымымен қош айтысты. 
Әріптестері өмірдің үлкен асуына иек тіреген жандарды қимайтындығын, бірақ осы ертелі-кеш кезең бәрінің басына келетіндігін, өкшелерін басып келе жатқан өздерімен бірге артқа тастаған қиындықтар туралы тебірене әңгімелеп, зейнеткерлерге ақ жол тіледі.
«Еңбек еткен ұжымымыз біздің еңбегімізді бағалап, құрмет көрсетіп жатыр. Алғысымыз шексіз. Бұл мекеме біздің екінші отбасымдай болып кетті. Көңілде қимастық бар», – дейді салтанатты шара иелері.
Филиалдың кәсіподақ ұйымы әріптестерін зейнеткерлік жасымен құттықтап, ұжым атынан сый-сияпат жасады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑