banner-top12

IMG_2125

«ҚАЗАҚТАНУ» мәдени-ағартушылық лекторийі өтті

 IMG_1666 IMG_1786 IMG_1666 IMG_1847 IMG_1851 IMG_1688 IMG_1687 IMG_2113  IMG_1676 IMG_1677 IMG_1685 IMG_1686  

Алматы қаласы Сервистік қызмет көрсету колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі насихаттық топтың «ҚАЗАҚТАНУ» мәдени-ағартушылық лекторийі өтті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Лекторийде Халықаралық «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің жалпы гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, антропология, этнология, этнография мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатран «Рухани жаңғыру және Қазақ этнографиясы» тақырыбында, «Бәйтерек» жастар орталығының жетекшісі, қоғам қайраткері Мейіргүл Қазыбаева «Рухани жаңғыру және мемлекеттік тіл» тақырыбында, ҚазТРК Алматы филиалы басшысының орынбасары, журналист Айдос Жұқанұлы «Рухани жаңғыру және жастар» тақырыбында лекция оқыды. Сонымен қатар шараға  Алматы қаласы Сервистік қызмет көрсету колледжінің студенттері қатысты.

Гулдана Ермекқызы


Comments are closed.

Back to Top ↑