Автор: ADMIN
Қазақстан алғаш рет фристайл-акробатикадан әлем чемпионатын Алматыда жеңіп алды
Қазақстандық Динмұхаммед Райымқұлов Алматыда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп, тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды "Shalqar.kz" порталы
«Қазақстанның фристайл-акробатика командасының мүшесі Динмұхаммед Райымқұлов Алматыдағы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды», – делінген.
Динмұхаммед финалға үшінші орынмен – 97.11 балл жинап өтті. Бұл нәтиже дәл солай канадалық Эллиот Бюрегардта да болды. Ал іріктеу кезеңінің жеңімпазы Қытай спортшысы Юйхэн Ян 101.79 балл жинады.
Финалда Динмұхаммед судьялардан 104.52 балл алып, жеңімпаз атанды. Екінші орынға Юйхэн Ян (Қытай) – 101.79 балл ие болды, ал қола медальді Чжичен Ян (Қытай) – 94.82 баллмен жеңіп алды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан күні!
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?