banner-top12

IMG_2017

Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат

    IMG_2003IMG_2018IMG_2015IMG_2009IMG_2008IMG_2008IMG_2003IMG_2021 IMG_2022IMG_2020

Алматы қаласы, Сервистік қызмет көрсету колледжінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қатынасты тарту» жоба аясында «Ұлы дала тарихы-ұрпаққа аманат» атты кездесуі өтті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсінідіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебитеі, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым ьолық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Кездесуге Халықаралық «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің Жалпыгуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, антропология, этнология, этнография мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатран, «Бәйтерек» жастар орталығының жетекшісі, қоғам қайраткері Мейіргүл Қазыбаева, ҚазТРК Алматы филиалы басшысының орынбасары, журналист Айдос Жұқанұлы, колледж дтректорының орынбасары Гүлнәр Жүнісбекқызы, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Амантайқызы Әпетова, ақын, халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеіңмпазы Талант Арынғали, ақын Ләззат Игісін, жас әнші, Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті, Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қоғамының  мүшесі Самат Шонов, сонымен қатар колледждің 100-ге жуық студенті қатысып, жастармен рухани жаңғыру тақырыбында әңгіме өрбітті. Осылайша бұл рухани кеш жастарға тамаша бір рухани серпіліс беріп, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін арттыра түсірді әрі жастарға тамаша кеш сыйлады.

Гулдана Ермекқызы


Comments are closed.

Back to Top ↑