Бүгі..." /> АВТОКӨЛІКТІ БАНК ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛАЙ САТЫП АЛУҒА НЕМЕСЕ САТУҒА БОЛАДЫ - Шалқар газеті
banner-top12

Керек баған

Уақыты 5 февраля, 2021 | қосқан shalqar | 104 рет оқылды

0

АВТОКӨЛІКТІ БАНК ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛАЙ САТЫП АЛУҒА НЕМЕСЕ САТУҒА БОЛАДЫ

Бүгін Бөрлібаева Эльвира Мұратқызы Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан №3 мамандандырылған ХҚО-дан жаңа көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірі мен техникалық паспортын алды.  Ол бұл жолғы көлігінің  жылдам әрі оңай рәсімделгеніне қуанып отыр. Эльвира жаңа көлігін смартфонмен-ақ сатып алып, рәсімдеп те үлгерді.  Бұл Kaspi.kz. қосымшасында  іске қосылған мобильді банкинг арқылы көлік құралдарын қайта тіркеу сервисі арқылы мүмкін болды. 

        «Әдетте, автокөлік сатып алу, тіркеуден шығарудың ұзақ процесіне және мамандандырылған ХҚО-ға баруға байланысты болатын. Енді азаматтар Kaspi.kz. қосымшасында  іске қосылған мобильді банкинг арқылы көлік құралдарын қайта тіркеу сервисін пайдалана алады. Сатушы да, сатып алушы да өз смартфондарындағы қосымша арқылы, авто ХҚО-ларға келмей-ақ көлігін рәсімдей алады. Пандемия кезінде ХҚО-ларда  адамдардың көп жиналуынан туындайтын бейберекеттіктің  жолын кесудің тағы бір оңтайлы жолы – мобильді банкинг арқылы көлік құралдарын қайта тіркеу сервисі. Барлық автосүйер қауымға осы сервисті рпайдалануға кеңес береміз», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетті корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев. 

         Көлікті сатып алушы мен сатушы смартфондарын қолдана отырып көлікті сатып алу немесе сату үшін келесідей қадамдар жасайды:

         Автокөлікті сату немесе сатып алу үшін қосымшаны ашып, «төлемдер»санатын таңдау керек. Әрі қарай «Мемлекеттік қызметтер, айыппұлдар мен салықтар» төлем түрін таңдау керек. Мұнда көптеген қызметтер ашылады. Соның ішінде «көлікті қайта ресімдеу» санаты таңдалады.

Осыдан кейін сатушы мен сатып алушыға арналған әрекеттердің екі нұсқасы ашылады. Яғни, сатушы да, сатып алушы да смартфондарындағы алдыңғы айтылған қадамдарды орындауы керек.

Автокөлік сатушысы өзінің банктік мобильді қосымшасында «мен сатушымын» опциясын белгілеп, сату сомасын көрсетеді. Содан кейін ол машинаны сол қосымшада есептен шығарады.

Сатушы автокөлікті есептен шығарған кезде сервис көлік құралына ауыртпалықтардың, айыппұлдардың және салық берешегінің бар\жоғына автоматты түрде тексеру жүргізеді. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бірден қосымшада төлей алады.

Содан кейін Сатып алушы «Мен сатып алушымын» опциясын таңдайды. Бұдан әрі ол «автомобильді есепке қою» батырмасын басып, осы автомобильді есепке қояды және арнайы шотқа сатып алу үшін қажетті соманы енгізеді.

 Тіркеу барысында ол баж салығын төлейді және нөмір белгісін таңдайды. Машинаны сатып алушы тіркегеннен кейін арнайы шоттан ақша автоматты түрде сатушыға аударылады.

Мәміле жасалғаннан кейін Сатып алушы техпаспортты және өзінің жаңа автокөлігінің тіркеу нөмірлік белгілерін жеткізіп беруге тапсырыс бере алады. Немесе өзіне ыңғайлы, жақын жердегі Мамандандырылған ХҚО-ны белгілеп, дайын құжаттарды алып кетуіне болады. Қызмет 9:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді.

   Қызметтерді осылайша онлайн алып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑