banner-top12

Керек баған

Уақыты 29 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 227 рет оқылды

0

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз. Ондай болса:
📌Egov.kz (http://%F0%9F%93%8CEgov.kz) порталына кіріңіз;
📌Іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз;
📌Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз;
📌Куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз;
📌Портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

📍Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?
✅Некеге тұру туралы куәліктің;
✅Некені бұзу туралы куәліктің;
✅Туу туралы куәліктің;
✅Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің;
✅Әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің;
✅Ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің:

📍Қызмет көрсету құны:
✅Қайталама куәліктер үшін – 1 АЕК
✅Анықтама үшін – 0,3 АЕК




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑