banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 19 марта, 2021 | қосқан shalqar | 1 185 рет оқылды

0

Азаматтық қоғам өкілдері уәкілетті органдардың жұмысын бақылауда

Алматы ХҚО-ларында азаматтық қоғам мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға тартылуда.

Қоғамдық қабылдау – халықпен тікелей өзара іс-қимыл және диалог форматы. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы » КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының фронт-офистерінде азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен, қоғамдық қабылдау ұйымдастырыла бастады. Іс-шаралар Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілуде. Мақсаты — қала тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді алу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекел мәселелерін анықтау.

Іс-шара апта сайын филиал басшылығының, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті мамандарының және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен фронт-офистерде өткізілуде. Оған әр түрлі тақырыптық және салалық бағыттағы білікті мамандар тобы қатысуда.

Алматы қаласының Әуезов, Медеу аудандық  ХҚО-ларында өткізілген қабылдауға 100-ге жуық қызмет алушылар жүгінді. Сұрақтар әр түрлі болды, олардың кейбіреулері уәкілетті органдардың құзыретіне жатпайды. Дегенмен, барлық келушілер көмекпен, соның ішінде заңды көмекпен қамтамасыз етілді.

«Түсіндіру жұмыстарынан басқа, қызмет алу сервисін жақсарту мақсатында халықтың шағымдары мен ұсыныстары тыңдалды. Айта кету керек, «бір терезе «қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ болып табылады. Шын мәнінде, ХҚО мамандары тиісті уәкілетті органдардың одан әрі өңдеуі үшін құжаттар пакетін қабылдаумен айналысады. Қоғамдық қабылдау арқылы азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастырып, уәкілетті органдарға жеткізуге мүмкіндік туады», — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Қоғамдық қабылдауға «Жастарға жол» ҚБ басшысы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігі жанындағы Республикалық мониторингтік қызмет басшысының орынбасары Рафаэль Гасанов, «Подранки» — «Шарасыздар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тобатаева Галия Габбасовна, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Анатолий Мигай және т. б. қатысты.

«Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметіндегі басты басымдық болып табылады» – деген болатын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

«Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында біз азаматтық қоғамды мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауға тартудамыз. Іс-шараны өткізудің мақсаты — мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету», — деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің қалалық Департаментінің өкілі Мақсат Жаңбыршиев.

 

Иә, мемлекет басшысының «Біз өз қызметімізде, ең алдыменқарапайым азаматтардың сұранысы мен мұң-мұқтажын басшылыққа алуымыз керек. Халықтан жоғары және халықтан биік тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ», — деген сөзін әрбір мекеме басшылыққа алып жатса, қоғамның да жаңарары сөзсіз.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай қоғамдық қабылдауды қаланың барлық фронт-офистерінде (ХҚО) апта сайын өткізу жоспарланған.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑