Алматының автоХҚО-лары жұмысын қайта бастады
Бүгін, 14 қаңтардан бастап Алматының мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастады. Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).
Сонымен қатар, ХҚО-лардағы құжаттандыру секторлары мен Миграциялық ХҚО бөлімі де қайта іске қосылды.
Мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамын онлайн алуға, сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламыз. АвтоХҚО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес береміз.
Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.
Мемлекеттік қызметтер бойынша қажетті ақпаратты 1414 біріңғай нөмірі және @gov4c.kz Instagram және Facebook-тегі ресми бренд парақшамыздан оқи аласыздар.