banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 16 августа, 2021 | қосқан shalqar | 1 327 рет оқылды

0

Алматы автоХҚО-ларында аудио-бейне бақылау және биометриялық сәйкестендіру арқылы емтихан тапсырады

Алматы автоХҚО-ларында аудио-бейне бақылау және биометриялық сәйкестендіру арқылы теориялық емтихан тапсырудың оңтайландырылған үдерісі іске қосылды

Жүргізуші куәлігін алуға сұраныс жылдан жылға артып келеді. Сәйкесінше, қызметті алу процесі де жыл өткен сайын жеңілдетіліп келеді. 2016 жылдың маусым айынан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін автомектептерде міндетті оқу тоқтатылды. Автокөлік жүргізгісі келетіндер үшін медициналық тексеру жүргізу тәртібі өзгертілді және жеңілдетілді. Енді, жүргізуші куәлігін алу үшін ҚР Жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық және практикалық дағдыларға ие болып, мамандандырылған ХҚО-да ЖҚЕ теориясы және автокөлік жүргізу бойынша практикалық емтихан тапсыру жеткілікті, емтиханды сәтті тапсырған жағдайда жүргізуші куәлігін ала алады.

«Соңғы жылдары теориялық және практикалық емтихан тапсыру жүйесі толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, биылғы жылы аудио-бейне бақылау және биометриялық сәйкестендірумен теориялық емтихан тапсырудың оңтайландырылған процесі енгізілді. Бұл жоба — әдемі нөмірлер алуда, емтихан тапсыруда заңсыз әрекеттердің жолын кесуге, ондай әрекеттерді болдырмауға мүмкіндік береді. Алматы автоХҚО-ларына тек қала тұрғындары ғана емес, жақын аудандар мен қалалардың автокөлік иелері де жүгінеді.  Жыл басынан бері 58 818 адам алғаш рет жүргізуші куәлігін алуға өтініш берген. Нәтижесінде 21 926 адам емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін алды», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

Жүргізуші куәлігін алғаш рәсімдеушілер емтихан сынағынан үш рет өте алады. Теориялық және практикалық емтихан тапсырушы үміткерлер емтиханнан сәтсіз өткен жағдайда, тағы екі мүмкіндігін сынай алады. Алайда автомектеп бітіргені туралы куәлігі барлар үшін мұндай мүмкіндік саны шектеусіз.

Жол жүру ережелері бойынша емтиханда үміткерге 40 сұрақ беріледі, өту үшін 32 балл жиналса жеткілікті. Практикалық емтихан жол қозғалысын тіркеп отыратын арнайы жабдығы бар автокөлікте тапсырылады.

Жүргізуші куәлігін алу үшін:

— Жеке куәлік;

— 073-у үлгісіндегі медициналық анықтама және оның көшірмесі;

— Мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек; (1,25 АЕК — 2021 жылы  3 646,3 теңге).

— Автомектеп курсынан өткендігі туралы куәлік және оның көшірмесі (өз бетінше дайындалған жағдайда сұратылмайды) қажет.

Жалпы, 2021 жылдың басынан бастап Алматы қаласының мамандандырылған ХҚКО-ларында 155 576 адам мемлекеттік қызметтерді алды.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑