Амал мерекесі құтты болсын! - Шалқар газеті
banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 14 марта, 2022 | қосқан shalqar | 6 111 рет оқылды

0

Амал мерекесі құтты болсын!

Ардақты ағайын-туған, дос-бауыр! Бүгін – Көрісу күні немесе «Амал» мерекесі! Бұл мереке – қыс қыспағынан қысылмай шыққан халқымыздың күн мен түннің теңесер тұсында, Наурыз мейрамы қарсаңында шын пейілімен қауышып, қуаныштың құшағында мәре-сәре болатын күндерінің бірі. Бұл күні адамдар арасында орынсыз орын алған өкпе-реніштер кешіріліп, араздық ұмытылады, үлкен-кіші бір-біріне амандық-саулық, құт-береке тілейді. Бүгінгідей жаһандану заманында ұлағаты мол ұлт болып қалуымыздың бірден-бір кепілі — ұлттық иммунитетті күшейту, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың санасына сіңіру екені даусыз. Ендеше, жақсы дәстүріміз жалғасын тауып, ел бірлігіне, бақ-дәулетке бастайтын Көрісу күні құтты болсын!




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑