banner-top12

Керек баған

Уақыты 18 ноября, 2021 | қосқан shalqar | 1 062 рет оқылды

0

Аты-жөніңізді қалай өзгертуге болады?

Аты-жөніңізді қалай өзгертуге болады?

ҚР әрбір азаматы атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез-келген себеп болуы мүмкін: біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары – жеке көңіл қалауымен.

Аты-жөніңізді, сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу қызметін eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы да рәсімдей аласыз.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • белгіленген үлгідегі өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет.

Мелекеттік баж көлемі:

  • аты-жөнін өзгертуді тіркеу – 2 АЕК
  • аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге куәлігі үшін – 0,5 АЕК

Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.

Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік баж төлемінен босатылады.

Қызмет көрсету мерзімі — 5 жұмыс күні.

Мысалы, Сіздің әкеңіздің аты-жөні — Асанов Елдос Жандосұлы. Тегіңізді осы үш атаумен өзгерте аласыз. Әкеңіздің тегін немесе атаңыздың атын ала аласыз, яки тек әкеңіздің атын қалдырсаңыз болады.

Некеге тұрғаннан кейін жұбайлар бір-бірінің тегіне өте алады. Әйелі ерінің тегіне немесе ері әйелінің тегіне өтуіне жол беріледі. Егер текті некеге тұру туралы куәлікті аларда бірден өзгертсе, ешқандай мәселе жоқ. Жаңа куәлікті дайындата бересіз.

Неке қиылғанға біраз уақыт өткен соң да жұбайының тегіне өтуге болады. Бірақ ондай жағдайда «құжатты өзгерткеніңіз туралы анықтаманы» әрдайым өзіңізбен алып жүру қажеттілігі туындайды. Бұл ұнамаса, некеге тұру туралы куәлікті қайтадан жаңарта аласыз.

Ажырасқан жағдайда, өз тегін қайтаруға болады.

Әкесінің атын өзгертуге немесе мүлдем алып тастауға бола ма?

Кейбіреулер түрлі себептерге байланысты әкесінің атын алып тастағысы келеді. Бірақ бұл — әкесінің келісімімен ғана орындалатын жағдай. Азамат 16 жасқа толмаса да, туу туралы куәлігінен әкесінің атын алып тастай алады. Ол анасының өтінішімен жүзеге асады. Егер бала 10-16 жас аралығында болса, онда баланың келісімі қажет. Құжаттағы әкенің атын сот шешімі шыққанан кейін, АХАЖ бөлімінде өзгертуге болады.

Бұл процесті тіркеуге тұрған аймақта жүзеге асырсаңыз, жаңа құжат 1 аптаның ішінде дайын болады. Егер басқа аймақтан болса, 1 ай көлемінде күтуіңізге тура келеді.

Бала асырып алған жағдайда оның аты-жөнін толықтай өзгерту мүмкіндігі бар.

Азамат құжаттағы атын қалай өзгерте алады?

Ең қиыны — құжаттағы есімді өзгерту процесі. Ол үшін Сізде бар құжаттың барлығын жинау керек. Оның ішіне мектептегі аттестат, университеттен алған дипломыңыз, мақтау қағаздарыңыз сияқты көп құжат болуы тиіс. Бұлардың барлығын жинап АХАЖ бөліміне барасыз. Өтініш жазасыз, Сізге арнайы заңды іс ашылады.

Жаңа құжат 15 күннің ішінде дайын болады. Егер құжаттарды тіркеудегі емес аймақтан рәсімдесеңіз, 1,5 ай көлемінде күтуіңізге тура келеді.

Ескеріңіз, атыңызды бірнеше рет өзгерте алмайсыз.

Аты-жөнді өзгертудің қандай зияны немесе кедергісі бар?

Біріншіден, көп жағдайда «құжатты өзгерткеніңіз туралы анықтаманы» өзіңізбен алып жүруіңіз керек болады. Банкте несие рәсімдегенде, жұмысқа орналасарда т.б. жағдайларда құжаттарыңыздың жинағы қалыңдай түседі.

Екіншіден, кей мемлекеттерге шекарадан өтерде, әртүрлі аты-жөнді қабылдамайды.

Үшіншіден, жиі қолданатын құжаттарыңызды қайтадан өзгерту қажет. Мысалы, аты-жөніңіз өзгергеннен кейін, жүргізуші куәлігін қайта жасатуыңызға тура келеді. Бірақ мектептегі аттестат, университеттегі дипломдарды өзгертудің қажеті жоқ. Ол құжаттарды пайдаланарда, жоғарыда айтқандай, «құжатты өзгерткеніңіз туралы анықтаманы» қоса өткізесіз.

-ов(а), -ев(а) жұрнақтарын қалай өзгертуге болады?

Қиын емес. Жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш білдіресіз. Жеке куәлігіңізден бөлек туу туралы куәлігіңіздің түпнұсқасы болса, жеткілікті. Мемлекеттік баж салығын өтейсіз. Шамамен 2 аптаның ішінде жаңа құжатыңыз дайын болады.

Қазақшаландыру немесе әріптік қателерді түзеткен жағдайда, «құжатты өзгерткеніңіз туралы анықтаманы» алып жүру қажет емес.

ҚР Заңына сәйкес, қазіргі уақытта азаматтың туу туралы куәлігіндегі аты-жөні бірыңғай қазақша немесе бірыңғай орысша болуы тиіс. Мысалы, құжатқа Асанова Динара Кенесовна яки Асан тегі (Асан) Динара Кеңесқызы деп қана жазыдыра аласыз.

Азамат жеке куәлікті рәсімдеу үшін тек 16 жас мерзімге толуы бойынша ғана жүгіне алады. Осы уақытқа дейін оған құжат берілмейді. Егер азамат 18 жасқа толғанда, жеке куәлікті алуға бірінші рет жүгінсе, одан 5 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл алынады.

Кеңесіміз қажетіңізге жарасын!




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑