Ауғанстандағы жер сілкінісінен 1000ға жуық адам қаза тапты
Жергілікті билік қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін мәлімдеді.
«Кейбір ауылдар шалғай таулы аймақтарда орналасқан, сондықтан егжей-тегжейлерді анықтау үшін уақыт қажет», — деді журналистерге Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Салахуддин Аюби.
Америкалық сейсмологтар олардың деректері бойынша жер сілкінісі шамамен 51 шақырым тереңдікте болған. Оның ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан 44 шақырымдай жерде болғанын нақтыланды.
Қайтыс болғандардың көпшілігі елдің шығысындағы Пактика провинциясында.
Еске салсақ, Ауғанстанда қатты жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері түнде, жергілікті уақыт бойынша 01:30 шамасында басталған.