banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 21 января, 2022 | қосқан shalqar | 1 124 рет оқылды

0

Биыл АЕК мөлшері 3063 теңгеге дейін ұлғайды

1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгерді, тиісінше, құжаттарды дайындау құны да өсті.

2022 жылдың басынан бастап АЕК мөлшері 3063 теңгеге дейін ұлғайды. Осылайша, құжаттарын рәсімдеуші қазақстандықтар 0,2 АЕК-тен 8 АЕК аралығында баж алымын төлейді.

Құжаттардың құны:
— паспорт алу — 24 504 теңге (8 АЕК);
— жеке куәлік — 613 теңге (0,2 АЕК);
— жүргізуші куәлігі — 3828 теңге (1,25 АЕК);
— туу туралы куәлік — тегін, бірақ құжатқа түзету мен толықтыру енгізген жағдайда — 1532 теңге (0,5 АЕК);
— некені тіркеу — 3063 теңге (1 АЕК), куәлікке түзету мен толықтыру енгізу — 1532 теңге (0,5 АЕК);
— АХАТ куәліктерін қайта беру — 3063 теңге (1 АЕК);
— ажырасуға өтініш беру — 6126 теңге (2 АЕК).




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑