banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 6 июля, 2021 | қосқан shalqar | 208 рет оқылды

0

Бүгін қазақстандықтар астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласының мерекесін атап өтеді

Бүгін қазақстандықтар астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласының мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыдан 23 жыл бұрын тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен еліміздің бас шаһары Алматыдан Сарыарқа төріне көшірілді. Елорда жыл өткен сайын көркейіп әрі үлкейіп келеді. Соңғы 20 жылда мегаполис халқы 4 есеге көбейді. Бүгінде қала тұрғындарының саны миллионнан асып кетті. 1999 жылы ЮНЕСКО елорданы «әлем қаласы» атаса, 2012 жылы ТМД мен түркі әлемінің астанасы деп мойындады. Ал жер жаһан үшін Нұр-Сұлтан қаласы Азия мен Еуропаны байланыстырып тұрған заманауи орталық саналады.
Пандемияға дейін елорда күні жыл сайын кең көлемде тойланып келді. Өкініштісі, әлемді жайлаған коронавирус індетіне байланысты биыл да барлық бұқаралық шараларға тыйым салынып отыр.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑