Доллор құны тағы да шарықтады
Күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша, доллардың орташа бағамы 454,11 теңге болды. Ол алдыңғы курспен салыстырғанда 5,79 теңгеге қымбаттады.
Ал Ұлттық банктің 22 маусымға арналған ресми курсы 447,93 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 458,27 теңгеден, ал Нұр-Сұлтанда 455,2 теңгеден сатылуда.