banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 30 сентября, 2022 | қосқан shalqar | 154 рет оқылды

0

Елдегі максималды зейнетақы сомасы 707326 теңге болады

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайыздан 70 пайызға дейін артады.

Елдің зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2 пайызға оза отырып индекстеледі. «Мысалы, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы мөлшері 5 пайызға, ынтымақты зейнетақы 7 пайызға ұлғайды. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы мөлшері қосымша 4% индекстелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда зейнетақылардың 9-11 пайызға өсуін қамтамасыз етті», – делінген министрлік хабарламасында.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑