Елімізде Отандық такси қызметінің жаңа түрі іске қосылады
«Қайырымды жан» қоғамдық қайырымдылық қоры ҚР Тәуелсіздік күніне орай» Қайырымды такси» отандық мобильдi қосымшасын іске қоспақшы. Еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Орал, Ақтөбе қалаларының тұрғындары 16 желтоқсаннан бастап «Қайырымды такси» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді бағаға отандық такси шақырып, пайдалана алады. Алматы қаласында арнайы баспасөз мәслихатын өткізген қор құрылтайшыларының айтуынша: Жобаның мақсаты – такси қызметінен түскен қаражаттың 7 пайызын еліміздегі тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға, әлеуметтік жағдайы жоқ жалғызбасты, көпбалалы аналарға, науқас балаларға жұмсау.
Қор басшысы Әсет Болатбеков :
— Біз тек жүргізушілерден табысының 13 пайызын ғана ұстап отырамыз. Оның жартысына жуығы қайырымдылық шараларына жұмсалады. Сондай-ақ,
бұдан былай әйелдерді, балаларды тасуға арналған такси қызметінің түрі де жұмыс істей бастайды. Ал клиенттер такси қызметіне қатысты қандайда бір шағымды тікелей қордың басшыларына хабарласып, айта алады,- дегендi жеткіздi.
Тәуелсіздік күні Алматы қаласында жүзден астам такси жүргізуші жолға шығатындығын айтқан, «Қайырымды Жан» ҚҚҚ Алматы филиалының өкілі Нұрсерік Битанов:
«Он мың такси жүргізушісі күніне орташа есеппен 250 миллион теңге табыс табады. Табыстың 22 пайызын компанияға береді. Сонда күніне 54 миллион теңге шетелге шығып жатыр. Олардың бір ғана мақсаты Қазақстаннан табыс тауып кету. «Қайырымдылық такси» қызметіне жүргізушілерді аларда міндетті түрде сотталмағаны, қылмысқа қатысының жоқтығын анықтап, құжаттарды сұраймыз. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасызу ету. Шетелдік компаниялардың қызмет көрсету қосымшаларымен біздікі бірдей,-дедi.
Елiмiздегi такси қызметiнiң денi шетелдік компаниялардың еншiсiнде. Бұл деген сөз күнделікті таксиден түсетін миллион-миллиардтар шет елдерге суша ағылып жатыр деген сөз…
«Қайырымды жан» қоғамдық қайырымдылық қорының ақпаратынша шетелге аударылып жатқан қаражатты елде қалдырудың жолы отандық такси қызметін енгізу.
Жазира Амантайқызы
One Response to Елімізде Отандық такси қызметінің жаңа түрі іске қосылады