banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 7 сентября, 2022 | қосқан shalqar | 407 рет оқылды

0

Елімімізде мұғалімдерді біліктілік тестілеуден босату ұсынылды

Депутаттың пікірінше, біліктілік тесті мұғалімдердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етпей, керісінше кедергі келтіреді.

“Ұстаздар шеберлігінің басты көрсеткіші ұлттық біліктілік тесті болса, онда неге оларға сұрақтармен, әсіресе оқыту әдістемесі бойынша тапсырмалармен танысуға мүмкіндік жоқ?! Шамамен сұрақтарды білу үшін сынақ тестін мұғалімдер 3063 теңге, директорлар 5000 теңгеге сатып ала алады. Ал мұндай тесттердің курстары 40000 теңге тұрады”  деп өз наразылығын білдірді Камасова.

Аттестаттау ережелеріне сәйкес, мұғалім сынақтан өтуі тиіс, содан кейін ғана ол өз портфолиосын ұсына алады. Егер ұстаз сынақтан төмен балл жинаса, оның портфолиосы жарамсыз болып, санатынан айырылады.

Осы келеңсіздіктердің негізінде депутаттар біліктілік тест талаптарын қайта қарауды ұсынып отыр. Соның ішінде 30 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдерге тест тапсыруды алып тастауды ерекше атап өтті.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑