banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 27 мая, 2021 | қосқан shalqar | 167 рет оқылды

0

Енді қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыра аласыз

Қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыратын қосымша шықты, – деп хабарлайды Shalqar.kz.

Қосымша TezText деп аталады, оны жасап шығарған – Galamat tech компаниясы, қолдау көрсеткен – АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі. Мобильді қосымша тегін және App Store мен «Play Маркет» арқылы жүктеп алуға болады.

Қосымша авторларының айтуынша, жоба қазақстандық бірқатар органға ұсынылған, ал АҚШ елшілігі бірінші болып қолдау көрсеткен. Қосымша тек журналистерге арналмаған, оны қазақ тіліндегі аудионы мәтінге айналдыруды қажет ететін кез келген адам қолдана алады. Әсіресе, журналистер жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

961616d356415cb846c6acfe768c6031

«TezText iOS және Android-қа арналған сөйлеуді тану жүйелері мен бағдарламалаудың ең үздік жетістіктерін қамтитын бағдарламалық жасақтама, ол қазақстандық журналистердің кәсіби қызметінде қазақ тіліндегі аудиожазбаны мәтінге көшіріп, теруге көмектеседі. Бағдарламалық жасақтама елдегі қазақтілді журналистика саласына айтарлықтай көмек көрсетеді және қазақтілді медианарықтың цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтеді. TezText журналистердің қажеттіліктерін ескере отырып жасалған мобильді қосымша», – дейді Galamat tech басшысы Абай Серғазиев.

Қосымша авторларының айтуынша, қосымшадағы тілдік модель журналистерге бейімделген, кәсіби терминдерді жақсы таниды. Сонымен қатар, қосымша айтылған ақпаратты нақты уақыт режимінде жазып, тани алады. Қосымшаны жасау үшін 10 мыңнан аса материал немесе 40 миллион сөйлем қолданылған.

Болашақта адам есімдері толығып, тыныс белгілерді қою мәселелері шешілмек. Сонымен қатар, қосымшаны қолданушыларға алдағы уақытта TezText қорына жаңа сөздерді енгізу құқығы беріледі.

Еске салайық, биыл ақпанда Google Translate сервисінің енді қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алатыны хабарланды. 2014 жылы желтоқсанда Google Translate жүйесіне қазақ тіліне мәтіндік аударма жасау қосылған.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑